Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері


Лекция № 10 Аналитикалық химияда тұздардың гидролизін және амфотерлікті қолдану



бет10/35
Дата17.10.2023
өлшемі265,39 Kb.
#117004
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістер-emirsaba.org

Лекция № 10
Аналитикалық химияда тұздардың гидролизін және амфотерлікті қолдану
Лекцияның жоспары:
1 Тұздардың гидролизі.
2. Гидролиз константасын, дәрежесі және гидролизге түсетін тұздардың ерітінділерінің рН-ын мәнін есептеу.
3. Амфотерлік.
Тұздардың гидролизін білу химиялық сапалық анализде маңызды. Мысалы, көптеген тұздардың ерітінділерінің рН-нің мәні олардың гидролизіне тәуелді. Ал мұндай тұздардың ерітінділерін тұндыру үшін қолдану кезінде рН-нің мәні өзгереді, яғни тұнбаның толық түсуін (немесе керісінше толық түспеуін) реттеуге болады. Бұл жағдайлар Аg+, Са2+, Sr2+, Ва2+ және т.б. Бұлар аз еритін сульфаттар, фосфаттар, оксалаттар, карбонаттар түзеді (сульфидтік жіктеу жүйесі бойынша). Бұл жағдайда ерітіндіде бұл катиондардан басқа К+, NН4+, Nа+, Мg2+ катиондары бар деп ескереміз. Олай болса, қандай тұз түрінде ІІ-ші аналитикалық топтың катиондарын тұнбаға түсіру дұрыс ?

Ең алдымен түзілетін тұнба мүмкіндігінше аз еритін болуы керек, яғни ЕТ-ның мәні аздау болуы керек. Мысалы, айталық сульфаттар түрінде тұндыруды алып қарастырамыз. Са2+, Sr2+, Ва2+ катиондарын толық сульфаттар түрінде тұндыруға болмайтындығы бізге белгілі. Себебі СаSО4 –ның ЕТ-ның мәні жоғарылау, (2,37·10-5). Оны төмендету үшін этанолды қосады. Кейде анализде алынған тұнбаның соңынан еруі туралы да ойлану керек. Ал күшті қышқылдың тұздары – сульфаттар қышқылдарда іс жүзінде ерімейді. Сондықтан да бұл катиондарды І-ші топтың катиондарынан бөліп алған соң, тұнбаны ерітіндіге өткізу салыстырмалы түрде айтқанда күрделі жұмыс болады. Жалпы алғанда гидролиз – ерітілген тұздың иондарының судың Н+ және ОН- иондарымен әрекеттесуі. Гидролиздің үш жағдайы бар: а) күшті негіздің және әлсіз қышқылдың әрекеттесуінен түзілген тұздың гидролизі; ә) әлсіз негіздің және күшті қышқылдың әрекеттесуінен түзілген тұздың гидролизі; б) әлсіз негіздің және әлсіз қышқылдың әрекеттесуінен түзілген тұздың гилролизі.


Металдардың гидрототықтары негіз болып табылады. Металл еместердің гидрототықтары және металдық қасиеті төмендеу, мысалы, хромның және марганецтің гидрототықтары қасиеттері бойынша – қышқылдарға жатқызылады. Алайда кейбір гидрототықтар қышқылдармен негіз ретінде, ал негіздермен қышқыл ретінде әрекеттеседі. Оларды амфотерлік гидрототықтар деп атайды. Ал осы құбылысты амфотерлік деп атайды. Амфотерлік қасиетерді сульфидтік жіктеу жүйесі бойынша катиондарды анализдеуде қолданады. Мысалы, мырыштың гидрототығы – Zn(ОН)2.
1)Zn(OH)2 + 2H+ → Zn2+ + 2H2O

2)H2ZnO2 + 2OH- → ZnO22- + 2H2O


Бақылау сұрақтары:

1.Тұздардың гидролизін оқып білудің химиялық анализде қандай маңызы бар ?


2. Кальцийдің, стронцийдің және барийдің катионарын басқа топтардың катионларынан бөліп алу кезінде тұндыруға алынатын реагенттің табиғатын қалай таңдайды ?
3. Гидролизге ұшырайтын тұздардың қандай топтары белгілі ?
4. Амфотерліктің химиялық анализдегі маңызы қандай ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет