Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері


Лекция № 12 Анализде коллоидтық жүйелердің маңызы



бет12/35
Дата17.10.2023
өлшемі265,39 Kb.
#117004
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістер-emirsaba.org

Лекция № 12
Анализде коллоидтық жүйелердің маңызы.
Лекцияның жоспары:
1.Коллоидтық жүйелер.
2.Коагуляция құбылысы және пептизация.
3.Қоса тұндыру.
Сульфидтік жіктеу жүйесі бойынша талдау барысында ІІІ, ІҮ және Ү топтардың катиондарының І-ші және екінші топтардың катиондарынан ерекшелігі – бұл катиондар сульфид ионмен әсер еткенде суда ерімейтін қосылыстар түзеді. Ал Ү-ші топтың катиондарын осы Ү-ші топ катиондарының қоспасынан алдын-ала хлоридтер түрінде (НСІ қосып) бөліп алады. рН-нің мәнінің төмен мәндерінде (рН – 0,5) Н2S әсерінен ІҮ-ші аналитикалық топтың катиондарын бөліп алады. Ал рН – 8,7 болғанда ІІІ аналитикалық топтың катионларын І-ші және ІІ-ші аналитикалық топтың катиондарынан бөліп алады. Ол үшін Н2S-ің орнына (NН4)2S-ін қосады.

Тұндыру көп жағдайда коллоидтық ерітінділердің түзілуінен қиындайды. Нәтижесінде, мысалы ІІІ-ші аналитикалық топтың катиондары сульфидтер түрінде ерітіндіден бөлінуі сүзу арқылы, центрифуга арқылы қиындайды. Сондықтан коллоидтық ерітінділердің түзілу себептерін және оларды бұзу жолдарын оқып білу керек. Коллоидтық жүйелердің түзілу себептерінің жалпы жағдайлары олар туралы түсініктер коллоидтық химия курсынан студенттерге белгілі.


Коллоидтық ерітінділерді бұзу үшін тұздардың ерітінділерін қосады. Электролит коллоидтық жүйенің сольваттық қабатын бұзып, коагуляцияның жүруін қамтамасыздайды. Сонымен қатар жоғары температураның әсерінен де коллоидтық жүйеде каогуляция байқалады. Температураның әсерінен иондардың адсорбциясы төмендейді де, бөлшектердің сольваттық қабаты бұзылады.
Коллоидтық ерітінділер түзілмес үшін әдетте аммонийдің тұздарын қосады, ерітіндіні қыздырады, органикалық заттарды ыдыратады. Органикалық заттарды ыдырату үшін азот және күкірт қышқылдарының қоспасын қосады. Мұндай өңдеудің нәтижесінде СО2-на және Н2О-ға айналады.
Сумен шаю коллоидтық ерітінділердің қайтадан түзілуіне себеп болады. Себебі сумен шаю кезінде каогуляциялаушы электролиттің бөлшектері шайылып кетеді де, коллоидтық бөлшектер қайтадан зарядталып, сольватталып бір-бірінен тебіле бастайды, соңынан ажырайды. Бұл үрдісті пептизация деп атайды. Пептизацияны болдырмау үшін тұнбаны шайғанда таза дистлденген судың орнына сұйылтылған тұздың (мысалы, аммонийдің тұзының) ерітіндісін қолдану керек. Нәтижесінде аммонийдің тұзының иондары тұнбаның ұсақ бөлшектеріне адсорбцияланып, шайылып кетіп жатқан электролиттің иондарының орнын алмастырады. Нәтижесінде тұнбаның пептизациялануы болмайды.
Сонымен қатар тұндыру барысында қоса тұну құбылысының да анализ үшін маңызды екенін зерттеуші өз назарынан тыс қалдырмауы керек.
Бақылау сұрақтары:

1. Коагуляцияның тұндыру үрдісіне әсері қандай ?


2. Коагуляцияның алдын алу және коолоидтық жүйелерді бұзу қалай жүргізіледі ?
3. Тұнбаны дистилденген сумен шаю барысында коллоидтық ерітінділердің түзілу себебі қандай ?
4. Қоса тұну құбылысының механизмі қалай болады ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет