Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістері



бет17/35
Дата17.10.2023
өлшемі265,39 Kb.
#117004
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
Лекция №1 Аналитикалық химия пәнінің негіздері және оның әдістер-emirsaba.org

Гравиметриялық анализ – құрамы анық белгілі қөосылыс түрінде немесе химиялық таза күйінде бөлінген анықталатын компаненттің массасын дәл өлшеуге негізделген мөлшерлік анализ әдісі.
Титриметриялық анализ – анықталатын заттың берілген мөлшерін өткізуге жұмсалған нақты концентрациялы реактив ерітіндісінің көлемін өлшеуге негізделген эквиваленттер заңы жатыр.
Титриметриялық анализге қарағанда, гравиметриялық анализ дәлірек болып табылады. Гравиметриялық анализде анықтау қателігі 0,1-0,005 %, ал титриметриялықта -0,1-0,05 % болады. Бірақ гравиметриялық анализ ұзағырақ орындалады (бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін). Гравиметриялық анализге қарағанда, титриметриялық анализдің артықшылығы анализді өте жылдам орындау (экспрестігі) болып табылады.
Гравиметриялық және титриметриялық әдістер аналитикалық химияның классикалық әдістері болып табылады, олар ғылыми зерттеулерде, завод лабораториясының тәжірибесінде жан-жақты қолданылады. Олар тамақ өндірісінің технологиялық бақылауында: өнімдердің зольдігін және ылғалдығын, қышқылдығын, қант мөлшерін, белокты т.б. анықтау үшін пайдаланылады.
Анықталатын татпаның құрамдас бөлігінің массасын дәл өлшеуге негізделген мөлшерлік анализ гравиметриялық әдіс деп аталады. Гравиметриялық анализ әдістері 3 топқа бөлінеді:

ӘДІС

ӘДІСТІҢ НЕГІЗІ

Бөлу

Анықталатын құрам бөлікті бос күйінде бөліп алып, өлшейді немесе қалдықты өлшейді

Тұндыру

Анықталатын құрам бөлікті анықталатын құрамның аз еритін қосылысы түрінде тұндырады. Қалдықты жуып, кептіреді немесе қатты қыздырып өлшейді.

Айдау

Анықталатын құрам бөлікті ұшқыш қосылысқа айналдырып, қыздыру арқылы айдайды, оны гравиметриялық формаға келтіріп өлшейді немесе қалдықты өлшейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет