Ірі қара мал фермаларын қайта құру. Ірі қара мал фермаларын қайта құру үшін мынандай шарттарды орындау керек:
байлаусыз, азықпен тамақтандыруды өндіріске енгізу;
мал басын көбейту мақсатымен кешендерге құрылыс және оны толықтау, ферма мен кешендердің территориясын кеңейтпей-ақ ұйымдастыру;
өндіріс технологиясын жетілдіру, мал қораларды блокті етіп құру, азықты тазалау, қиды шығару технологиясын механикалық жолмен жетілдіру;
қоршаған ортаны қорғау мақсатымен, органикалық тыңайтқыштардың сапасын жақсарту үшін, қиды өңдеу мекемелерін тазалау құрылыстарын құру қажет.
Қайта құру кезінде мынадай шаралар іске асады. Сиырларды байлаусыз бокстарда ұстау, сиырбаздың ішінде сиырлар санын 200-ден 300-дейін көбейтті. Олар:
азықты сиырбаздағы көлік арқылы жеткізу, сиырбаз арасында (қалақшалар) транспортер арқылы астауға жеткізіледі;
қиды қорадан шығару қалақша транспортерлер арқылы жүргізіледі, одан жабық каналдар арқылы қи қоймаларына жеткізіледі, одан арнайы транспорт (көлік) арқылы тасымалдауға жеткізіледі. Қайта құру коэффициенті 0,2 құрайды;
кешенді толық қайта құру тиімді құрылыстарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Шошқа шаруашылығы фермалары кешендері
Кешендер мен фермалар түрлері. Шошқа шаруашылығы кешендері өзінің бағытына қарай - тұқымды және товарлық болып бөлінеді:
-жануарларды ұстауына қарай - бос және тұрақты ұстау болып бөлінеді.
Тұқымды шошқа шаруашылығы кешендерінде үлкен жұмыстар жүргізіледі, шошқалар тұқымдарының сапасын арттыруда жас шошқаларды товарлы өндіруге бағытталған. Товарлы кешендер мен фермаларда етті өндіру ұйымдастырылған. Репродукциялық кешендер мен фермаларда кішкене шошқаларды өндірумен айналысады, оның майын сатып, жас шошқаларды бордақылап шошқаларды сойып толықтырып отырады. Ал бордақылау фермалары мен кешендерінде шошқаларды етке дайындайды. Шошқаларды бордақылау үш бағытта жүргізіледі: салымы май, май-етті және белондық, аралас кешендерінде жас шошқаларды асырап, бордақылап мүшел топтағы шошқалар қатарына қосады.