Лекция 1 Ауылдық елді мекен және жоба туралы жалпы түсінік, ауыл



бет5/18
Дата16.02.2023
өлшемі3,55 Mb.
#68450
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
елді мекен жоспарлау методичка

Өрт қауіпсіздігін ескеру - өрт қауіпсіздіктерін, ғимараттар арасынан қашықтығы, оның материалдар мен конструкцияларының өртке тұрақтылығына байланысты ескеріледі. Жанудың үш түрі бар: жанбайтын, қиын жанатын, жанатын.
Санитарлық ара қашықтық - ауыл елді мекен құрылыстары болсын, үйлер болсын, оның күн көзінің түсуіне үлкен мән беріледі.























    1. Лекция 4 Тұрғын территорияларды (аймақтарды) жоспарлау және салу әдістері



Усадьбалық құрылыстары бар кварталдар. Үйлердің түріне қарай тұрғын кварталдар усадьбалық құрылыстары бар, блокты үйлердің құрылыстары мен секцияны үйлердің құрылыстары бар болып бөлінеді.
Тұрғын кварталдардың усадьбалық құрылыстары бар түрлері.
Усадьбалық жерлердің учаскелерінің толық нормасы АҚ және ауыл елді мекендерде тұратын азаматтар үшін (жұмысшы, дәрігерлер, басқа мамандар үшін, зейнеткерлер, мүгедектер үшін - 0,25 га бөлінген) АҚ уставымен анықталып 0,5 га бөлінген. Усадьбалық учаскелердің барлығы геометриялық анық формалары болуы қажет. Ең ыңғайлы учаскелер тіктөртбұрышты форма ретінде болып есептеледі де мынадай мүмкіншіліктері бар:
а) учаскелік территорияларды құрылыс, бақ, бақша үшін пайдалануға болатын мүмкіндігі;
б) учаскелерді қарапайым ыңғайлы және әдемі құрылыстарды жоспарлау мүмкіндігі;
в) кварталдарды, учаскелерді дұрыс орналастыру жасау мүмкіндігі.
Ең басты мәселе усадьбалық мәселелерді жобалауда оның ұзындығы мен енін тағайындау болып табылады. Учаскенің ені үлкен болмауы керек, тұрғын көшелердің ұзын болып кетпеуін ескеру керек. Учаскелердің ені тіпті кіші болуы оның өртке қарсы тұру дәрежесіне байланысты. І-ІІ-16 м. (10+6); ІІІ-18 м (10+8); ІУ-У-20 м (10+10) және V-25 м (10+15).
Осыны ескере отырып, учаскелердің жері 0,1 га болғанда, оның ұзындығы 50 м болады. Усадьбалық учаскелерді жоспарлау және құру мыналарды қамтамасыз ету қажет:

  • сол жерде тұратын халыққа, сонымен қатар шаруашылықты жүргізуге ыңғайлы болу қажет;

  • санитарлық жағдайы жақсы болу керек, өрт қауіпсіздігі ескерілуі қажет;

  • жер учаскелерін дұрыс пайдалану керек;

  • көше жағынан қарағанда учаскелер әдемі көрінуі керек. Усадьбалық учаскелерді жоспарлауды ұйымдастыру нұсқалары.

Сурет 1.10


1 - тұрғын үй, 2 - шаруашылық алаң, 3 - бақ, 4 - бақша.

Усадьбалық учаскелердің жері 0,1 га, ені 20 м және ұзындығы 50 м болғандағы жоспарлауын мысал ретінде көрелік.


Сурет 1.11


1 - тұрғын үй, 2 - шаруашылық құрылыс, 3 - бақтар, 4 - бақша, 5 - бақ; 6 - шаруашылық алаң, 7 - туалет (дәретхана)

Бұл учаскелердің жерді пайдалану қатынастары: Үй 60 м2, 6-8%;


шаруашылық құрылыс 12 м2, 1,2%;
бақшалар 60 м2, 6,0%;
шаруашылық алаң 148 м2, 14,8%;
бақ 180 м2, 18,0%;
бақша 400 м2, 40,0%;
жол 120 м2, 12,0%;
Барлығы 1000 м2, 100%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет