Мінез-құлық параметрлары
|
Бақылау мәліметтері
|
Таныс емес жағдай мен бөтен тұлғаға реакциясы.
|
Сырттай немқұрайлылық, бөлмеде тыныш отырады.
|
Белсенділігі. Бөлме ішінде қозғалуы. Қимылдары.
|
Үнемі бөлме ішінде тоқтамай қозғалып жүреді.
Жүргенде секеіріп, қолдарын сермеп, саусақтарын созады, бұлшық еттері тырысқан.
|
Мимикасы, эмоциялардың білдіруі.
|
Беті «қатып қалған» сияқты, кейбірде ғана күлімсірейді.
|
Қандай заттарға жақындайды, алады, олармен не істейді?
|
Ұнататындары: 1) шағын заттарды (конструктордың бөлшектері, пирамиданың сақиналары) қолында қысып ұстайды; 2) сипап ұстағанда жағымды заттарды (резенке доп, құм салынған қапшық) қысып ұстайды, ары-бері қозғағанда, тыңдайды.
|
Өзінің әрекеттерімен қанша уақыт айналысады?
|
2-3 минут бойы заттарды ұстайды, кілем, еден мен үстелдің бетін сипап, жалауға 10 минут тоқтауы мүмкін.
|
Баланың әрекетіне ересек адам қатысқанға талпынғанда реакциясы.
|
Кетіп қалу.
|
Көңіл-күйі мен эмоционалды реакциялары
|
Бір қалыпты көңіл-күй, эмоциялардың көзге түсетін көріністері жоқ.
|
Басқа адамның жақындауына қалайша қарайды?
|
Бұған дейін айналысқандармен ары қарай шұғылдануды жалғастырады.
|
Атына қалай қарайды?
|
Дауыс қайнар көзіне қарай қарайды, бірақ көру арқылы байланыс жоқ. Атын атағанда басқа жаққа қарайды. Спонтанды көзқарас жоқ.
|
Тактилды байланысқа реакциясы.
|
Айналдырып, тербеткенді ұнатады.
|
Байланыста инициативтілігі және өзге адаммен спонтанды түрде өзара әрекеті.
|
Көмек сұрайды: ұнаған затын ала алмаса, ересек адамды қолынан тартады.
|
Ересек адам ұсынған қандай заттарға көңіл аударды?
|
Сабын көбіршіктері, пианино, дауыс шығарытн кітап, мозаика.
|
Ересек адамның түсініктемесі бар сөйлеуіне реакциясы.
|
Мінез-құлықтың көзге түсетін өзгерістері жоқ.
|
Спонтанды вокализациялар, сөздер мен сөйлемдер.
|
Вокализация (үнемі дауысты дыбыстарды созып айтады).
|
Ата-ананың мінез-құлығы.
|
Баланы қызығушылығын табуға тырысады – айналдырады, доптың үстінде тербетеді, бірақ басқа әрекетті ұсынып, оған ауыстырмайды (өзі тез шаршайды және баланы тастап кетеді).
|