Үйымдастырушеберлігі. Өз қызметінің және оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру, алға қойылған жоспарларды орындау.
Қимыл шеберлігі. Мұғалімнің дене тәрбиесі жаттығулары тәсілін орындауы. Өзі орындап көрсету оқушыларға қатты әсер етеді. Сақтандыру дағдысы мен қолданбалы дағды да қимыл шеберлігіне жатады.
Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік маңызды қасиеттері. Дене тәрбиесі мұғалімінің барлық кәсіптік қасиеттерін бірнеше топтарга бөлуге болады:
Саяси - идеялық қасиет.Мұғалімнің дүние тануын, кезқарасын көрсетеді. Ол әрбір оқушының келешегіне жауапты қарауға тиіс.
Өнегелік қасиет. Мұғалімнің өзі жан-жақты өнегелік қасиетіне ие болу керек(адамгершілік, адалдық, талапшылдық, табандылық, сенімділік т.б.).
Жігерлілік қасиет.Жылдамдылық, табандылық, өжеттік, қайсарлық, батылдық т.б. талап етеді соған тәрбиелейді.
Ақылдылық қасиет. Айқындық және қисынды ойлау. жорамалдау. өнертапқыштық, тапқырлық, сөз тапқыштық. Бұл қасиеттер мұғалімге тәрбие жұмысында және кәсіптік қызметінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі.
Психоқозғалысты қасиет.Мұғалім көрсететін көптеген жаттығулар күшті, икемділікті, жылдамдықты керек етеді. Жас ұлғайған сайын осы қасиеттердің барлығы жоғала бастайды, сондықтан өздері оларды өмір бойы керек деңгейде ұстап отыруы керек.
2. Гимнастика маманы дайындығын ұйымдастыру ерекшелігі. Дене тәрбиесі мұғалімінің білімі. Білім – мұғалімнің педагогикалық қызметінің мүмкіншіліктерін көрсетеді. Дене тәрбиесі мұғалімнің білімдарлығы жалпы және арнайы білімдерден тұрады.
Жалпы білім – мұғалімнің жалпы мәдениетін көрсететін саяси-қоғамдық білімдарлығы, көркем әдебиеттерді көп оқығандығы, көркем өнер саласында т.б. көптеген салалардағы білімдарлығы.
Кәсіптік қызметке өте қажет арнайы білімді екі топқа бөлуге болады:
- бірінші топқа психо-педагогикалық, медико-биологиялық және спорттық-педагогикалық білімдер жатады:
- екінші топқа жататындар: А. Теориялық білімдер. Бұлар дене мәдениеті тарихы, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, гигиена, валеология саласындағы т.б. Арнайы пәндерден алынған білімдер. Ә. Іс-тәжірибелік білімдер. Ол оқу бағдарламасында берілген спорттың түрлі жаттығуларын орындау шеберлігі. Б. Әдістемелік білімдер. Үйрету және дене қасиеттерін дамыту әдістерін меңгеру білімділігі.