Лекция 1 Кіріспе. Жоспар



бет29/53
Дата27.12.2023
өлшемі0,6 Mb.
#144488
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Әдебиеттер тізімі:

  1. Гавердовский Ю.К. Техника гимнастических упражнений: популярное учебное пособие. М.: Терра-Спорт, 2002.

  2. Гимнастика. М.Л.Журавина, Н.К.Меньшикова. М.: «Академия», 2002.

  3. Гимнастическая терминология: справочник по курсу «Гимнастика». С.А.Александров. Гродно, 2000.

  4. Горанько М.И. Спортивная гимнастика Казахстана. Исторический очерк (1917-2011гг.). Алматы, 2011.

  5. Ракишев Т.К. Дене шынықтыру және спорт: казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 2014.

  6. Словарь терминов гимнастики и основ хореографии. А.И.Рябчиков, Ж.Е.Фирилева. СПб.: Детство-Пресс, 2009.


Лекция 14. Хореографиялық жаттығулар тәсілінің негіздері
Жоспар:
1. Жаттығуларға сипаттама беру жане оларды топтастыру.
2. Музыкамен сүйемелдеудің маныздылығы.


1. Жаттығуларға сипаттама беру жане оларды топтастыру.
Ырғақты гимнастика. Мектептегі ырғақты гимнастика сырттай ғана әдеттегі «аэробикаға» ұқсас. Шындығында ол – жалпы дамыту жаттығуларының ешені түрінде ұсынылған дайындық, қосымша және негізгі материалдар. Бұл кешендер оқушаларға көмек ретінде, яғни олардың музыка ырғағын қабылдап, жалпы дене жұмысы қабілетін арттыру үшін құрастырылады. Өйткені мұнда – ырғақты гимнастиканың мазмұнында жүрудің, секірудің, би қимылдарының, сондай-ақ қозғалыс қимылдарының түр-түрі бар. Сондықтан ырғақты музыка сабақтарының жалпы тәрбиелік те, эстетикалық та мәні үлкен.
Оқушылардың дене қабілетін дамытуға ықпал ету жөнінде белгілі мақсат көзделетіні рас. Атап айтқанда, оқушыларға қозғалыстардың өзіндік блоктары ұсынылады, ол олардың құрылымдық, композициялық және ырғақ белгілері бойынша өзгеріп тұрады. Мұның бәрі ағзаның адаптациялық механизмін қолдап, оны дене жүктемелерінің түрлі «бейтаныс ырғақтарын» орындауға үйретеді.
Музыкамен қозғалу. Функционалды-ырғақты музыка.
Функционалды музыканың ретроспективалық бастауы адамның еңбек әрекетін ынталандырумен тығыз байланысты. Тарихи қалыптасқан дәстүрлер сондай-ақ халықтар мен ұлыстардың салт-жоралғылық, жауынгерлік қозғалыстарының, билерінің де негіздеріне арқау болған. Функционалды музыка бертінде әскери және дене тәрбиесімен ұштасқан.
Аристотель музыка адамның өз санасын, іс-әрекетін басқаруына, қол еңбегінің ырғағын үйлестіруіне көмектеседі деген екен.
Еңбек адамның өмірінде музыканың қандай роль атқарғанын тарихтан, мысалы, Гескод, Платон, Аристотель, Геродот, Аристофан, Эвклидтің шығармаларынан білуге болады. Антикалық түсінік бойынша, музыканың әсері көбіне-көп дене қозғалысымен, көіл – күймен, адамның сезімдерімен байланыстырылған.
Функционалды музыканың қазіргі трасформациялануы да оқыту мен тәрбиелеудің бірқатар міндеттерін шешуге әсер ете алады. Ол, мысалы, оқушылардың дене және эмоционалдық жүктемені неғұрлым қатаң реттуге деген талпынысын дамытады; музыкалық жағынан сауаттануына, мәдениеттің негіздерін тануына өзіндік ықпал етеді. Сонымен бірге дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі артуына да әсері мол.
Музыка және қозғалыстарға үйрету процесі. Ырғақты гимнастика сабақтарында тиімділікке қол жеткізуге музыканың маңызы үлкен. Сондықтан орындалатын жаттығуларға орай музыка қажет болады, ол жаттығушының қимыл ырғағына сай болғаны жөн.
Практикалық жұмыста музыкалық сүйемелдеудің үш қарқынын қолдану ыңғайлы, олар, айталық: баяу, орташа және жылдам қарқындар. Бұл қарқындарды бағалау оқушыға да қиынға соқпайды. Ол үшін музыкалық жазбаны қосып, оны мұқият тыңдап, ондағы екпін түсетін ноталық дыбыстарды анықтау керек. Секундомерді пайдаланып, 10 секундта осындай қанша дыбыс шағатынын білуге болады. Егер осы 10 секундқа 12-16 соққы тура келсе, онда бұл музыканың қарқыны баяу; ол 17-22 немесе 28-30 соққы болса, онда бұл музыка тиісінше орташа немесе жылдам ырғақтар бар деген сөз.
Ырғақты гимнастика сабақтарының бастапқы кезеңінде мына жағдайлар маңызды:

  1. Оқушы өз қозғалыстарын музыкалық материалдың ерекшелігімен, ырғағымен және мәнімен үйлестіре ала ма?

  2. Оқушыда орташа және жылдам музыкалық ырғақатрды қабылдап, бейнелей алатын қозғлыстар, жаттығулар қоры бар ма?

  3. Оқушылардың музыкалық өлшемді толық игеруі үшін жалпы музыкалық – педагогикалық әдебиетте кеңінен танымал арнайы жаттығуларды, атап айтқанда, қол шапалақтау, табанмен қозғалыс, акцентті жүру, қол шапалақтау мен жүруді кезектестіру, қол шапалақтауды жүрумен үйлестіру пайдаланған дұрыс.

  4. Музыкалық тактілеуді дұрыс түсіну және мұны қозғалыстардың көмегімен бейнелеп жеткізу:

а) 4/4 музыкалық өлшемін мынандай тапсырмаларды орындау арқылы бейнелеуге болады: бастапқы қалыптан – қолдар жоғары көтеріліп, алақандар алға қарай ашылып тұр; 1-есеп – қолдар төмен түсіріліп, алақандар еденге қарай ашылған; 2-есеп – қолдар кеудеде айқастырылған; 3-есеп – қолдар екі қапталға жазылған; 4-есеп – қолдары жоғары көтерілген (А);
б) ¾ музыкалық өлшем. Мұнда да жоғарыдағыдай жаттығулар жасалады. Тек біршама өзгерістер бар: бастапқы қалыптан – қолдар жоғары көтеріліп, алақандар алға ашылады; 1-есеп – қолдар түсіріліп, алақандар еденге қараған; 2-есеп – қолдар екі қапталға жазылған; 3-есеп – қолдар жоғары көтерілген (Б).
в) 2/4 музыкалық өлшем. Сондай жаттығулар жасалады, тек мынандай өзгерістер бар: бастапқы қалыптан – қолдар жоғары көтеріліп, алақандар алға ашылған: 2-есеп – қолдар жоғары көтерілген (В).
5. Музыкалық тактінің түрлі өлшемдерін пайдалану кезінде есепті дұрыс жүргізу:
А) 2/4 өлшемді музыкамен жаттығулар жасау кезінде есеп «бір», «екі» деп дауыспен жүргізіледі;
Б) А) 3/4 өлшемді музыкамен жаттығулар жасау кезінде есеп «бір», «екі», «үш» деп дауыспен жүргізіледі;
В) 4/4 өлшемді музыкамен жаттығулар жасау кезінде есеп «бір», «екі», «үш», «төрт» деп дауыспен жүргізіледі;

Қарапайым қозғалыстардың көмегімен музыкалық өлшемді тактілеу: А – 4/4 өлшемі, Б-3/4 өлшемі, В 2/4 өлшемі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет