Лекция 1 Кіріспе. Жоспар



бет37/53
Дата27.12.2023
өлшемі0,6 Mb.
#144488
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Байланысты:
Лекция гимнастика

Әдебиеттер тізімі:

  1. Гавердовский Ю.К. Техника гимнастических упражнений: популярное учебное пособие. М.: Терра-Спорт, 2002.

  2. Гимнастика. М.Л.Журавина, Н.К.Меньшикова. М.: «Академия», 2002.

  3. Гимнастическая терминология: справочник по курсу «Гимнастика». С.А.Александров. Гродно, 2000.

  4. Горанько М.И. Спортивная гимнастика Казахстана. Исторический очерк (1917-2011гг.). Алматы, 2011.

  5. Ракишев Т.К. Дене шынықтыру және спорт: казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 2014.

  6. Словарь терминов гимнастики и основ хореографии. А.И.Рябчиков, Ж.Е.Фирилева. СПб.: Детство-Пресс, 2009.

Лекция 19-20. Снарядтарда, тірек секірулерде және еркін жаттығуларда жаттығулардың терминологиясы
Жоспар:
1. Снарядтардағы қозғалыстар мен жағдайлар үшін негізгі терминдер.
2. Гимнастикалық қабырғада жаттығу түрлері.
3. Гимнастикалық брустарда жаттығу әдіснамасы.


1. Снарядтардағы қозғалыстар мен жағдайлар үшін негізгі терминдер.
Тепе-теңдік бөрене жаттығулары. Бөрене үстінде жаттығу техникасының негіздері. Бөрене үстінде жаттығулар жасаудың түрі өте көп. Осылардың ішінде тұру, жүру, секіру, бұрылу, аунап түсу сияқты тепе-теңдік жаттығулары бар. Аталған барлық элементтер тепе-теңдік сезімін дамытады, өйткені оларды еденге қарағанда бөрене үстінде орындау қиындық келтіреді; тар және жерден біршама жоғары тұрған жабдықта тепе-теңдікті сақтай білу қажет. .

А – бөрене үстінде орындалатын тепе-теңдіктің кейбір түрлері. Б – Бөренеде, қимыл үстінде орындалатын кейбір ерекше жаттығулар; а – адымдай секіру; б – аяқты жартылай сермей бұрылу; в – аяқты барынша сермей бұрылу.



Кермеге тартылу жаттығулары. Керменің үстіне айналып шығу. Бұл қолдың күшін дамытатын, қарын және аяқ бұлшық еттерін нығайтатын аса тиімді жаттығу. Жаттығуды орындау техникасы мынадай:
- кермеге асылып, денені түзулеп жазу;
- жоғары тартылып, денені ию арқылы жамбасты турникке жақындату;
- денені одан әрі ие отырып, ішті турникке тигізе асып түсу;
- қолдың көмегімен кеудені көтере тез түзеліп, аяқты керме бағандарынан алыс ұстау.
Бұл жаттығуды жақсы игеріп алу үшін мына қимылдарды орындап үйрену керек:
- кермеден ұстап, тартылу;
- керменің үстіне айналып шығуды орындау;
- денені кермеден асыру қимылын меңгеруге көмегін тигізетін дайындық жаттығуларын орындау.

Асылудан күш сала таянышқа айналым жасай көтерілу: 1-4 – тартылу және бүгілген дененің кермеге жақындай сәті; 5-7 – дененің кермеге жанасу сәті және аяқтармен аударылу қозғалысын орындау – таянышқа шығу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет