Лекция 1 Кіріспе. Жоспар


Эстетикалық тәрбиелеудегі гимнастиканың ролі



бет3/53
Дата27.12.2023
өлшемі0,6 Mb.
#144488
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Лекция гимнастика

4. Эстетикалық тәрбиелеудегі гимнастиканың ролі.
Негізінде әскери қолданбалы бағытта гимнастиканың француздық жүйесі шведтік гимнастикамен бір уақытта қалыптасты. Франциядагы гимнастикалык жүйені құрушы негізгі гимнастиканың жүйесін даниялык М.Бун ұсынды. Ол гимнастиканың шведтік жүйесін жаңартты, сабақтағы университет ішілік жүктемесін көтерген, жаттығуларды орындаудың ағымдық әдісін енгізді. Әйелдерге арналған гигиеналық гимнастика жүйесінің ішінде Э.Бьеркстен жүйесі үлкен беделге ие болды. Мүнда жаттығулардың физиологиялық және эстетикалық мәні ерекше айқындалды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында гимнастиканың жаңа түрлері пайда болды. Әсіресе көркем және әуендік гимнастиканың бірнеше жүйесі құрылды, кейінірек медицинаның бір саласына айналған емдік гимнастика, негізінен гигиеналық бағыттағы гимнастика жүйесі кеңінен қолданылды.
Бұрынғы Ресей одан Кеңес одағы халықтарында гимнастиканың элементтері ежелден пайда болған. Мерекелерде халық желаяқтардың, акробаттардың өнерін тамашалады. Орта Азияда арқанмен жүретін дарабазшылар болды. Кавказда шағын ауырлықтармен жаттығларды күрестің алдында орындау дәстүрі болды. Барлық халықтарда атпен жүру ерекше құрметтеледі. Ресейде әскерлердің дене тәрбиесінің негізі І-Петр кезінде қаланды.
I-Петрдің жарлығымен әскери теңіз оқу орындарына енгізілді. Орыс армиясындағы дене тәрбиесінің дамуына орыстың атақты қолбасшылары А.Румянцев, А.Суворов, адмирал Ф.Ушаков көп көңіл бөлді. А.В.Суворв (1730-1800) әскери дене тәрбиесінде өз жүйесін қалыптастырды, мүның негізінде әскери дала гимнастикасы таңғы гимнастиканы құрады. Осы мақсатта жүгіру, кедергілерден өту, заттарды алып жүгіру, найзаласу қолданылды. Орыс армиясында дене тәрбиесінің негізін жасап шығуда М.И.Драгомиров (1830-1915) елеулі еңбек сіңірді. Ол әскерилерді үйретудің Суворовтық жүйесін толықтырды, әскердің әрбір түріне арналған дене тәрбиесінің мақсатын айқындап берді, әскерде гимнастикалық сабақтардың әдістерін жасап шықты. Ресейдегі гимнастиканың дамуына елеулі үлес қосқан әйгілі анатом ғалым әрі педагог П.Ф. Лесгафт болды. 1875 жылы ол бірқатар батыс еуропа елдерінде болып, дене тәрбиесінің жолға қойылу тәртібімен танысып қайтты. 1880 жылы оның Батыс Еуропа елдеріндегі гимнастика мұғалмдерінің дайындығы атты кітабы жарыққа шықты. Мүнда ол гимнастика жүйелеріне сипаттама беріп, ондағы ғылыми негіздеменің жоқ екенін көрсеткен. XIX ғасырдың соңында гимнастиканың дамуы, спорттың және халықаралық спорттық байланыстардың дамуымен (1881 ж.) халықаралық гимнастика федереациясының құрылуымен тығыз байланыста болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет