Лекция №1 Корея әдебиеті



бет9/28
Дата14.10.2023
өлшемі221,14 Kb.
#114217
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
Шығыс халықтарының әдебиетінен дәрістер

Хван Чжи У 1980 жылдардағы атақты ақындардың бірі болады. Оның «Құстар да бұл дүниеден өтеді» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1983 ж. әдеби журналда жарияланады. Хван Чжи У Кореяның қайғылы тарихына үн қосады. Оның поэзиясында өзі өмір сүрген дәуірдің мәдени және тарихи тұстары көрініс табады.
И Сонг Бок өзінің «Жатқан тас түсіңе енгенде» атты өлеңдер жинағының бірінші то­мын жарыққа шығару арқылы корей әдеби қоғамын таңқалдырады. Бұл халықты оятуға ұмтыл­ған ақынның шындық іздеудегі үлкен жеңісі еді. И Сонг Бок өзінің ұлы сатирасында сол замандағы жемқорлық пен алаяқтық, халықтың қасіретін жаңа үлгіде белгісіз тәсіл­дермен өте шебер көрсете білген.
50 жылдарға тән прозалық шығармалардың аумағын кеңейте түскен Че Ин Хунның «Алаң» атты автор шығармасында сұрапыл соғыс шындығы, отарлау соғысынан бастап Корея соғысының ақырына дейінгі кезең суреттелген. Че Ин Хунның арман мен қиялға толы шығармалары жалпы алғанда адамның жан дүниесін жан-жақты сипаттайды. Автордың сюрреалистік әдістері шындық өмірді көрсетуде жоғары бағаланады. Жазушының «Алаң», «Жазушы Ку Боның бір күні», «Боран», «Генерал-губернатордың хабары» сынды еңбек­терінде Корея тарихындағы маңызды оқиғалар төңірегінде сыр шертеді.
1960 ж. жарық көрген «Алаң» атты шығармасында автор шындықты фантастикалық тұрғыдан қарастырады. Шығарманың бас кейіпкері философия факультетінің студенті И Менг Чжун мына әлемге және онда өмір сүріп жатқан адамдарға скептикалық және анали­ти­ка­лық тұрғыда қарауға тырысады. Ол Сеулдегі жемқорлық пен шексіз арсыздықты көріп қиналады, өмірден түңіледі. Кейін ол әкесі сияқты Солтүстікке кетеді. Оның сорына қарай қатал коммунистік жүйедегі Солтүстікте де осындай жағдайлар орын алған еді. Корей соғы­сында компартия қатарында жүріп И Мент Чжун тұтқынға түсіп, түрмеге қамалады. Әскери келісімнен кейін ол Индияға кетпекші болады, бірақ жолда суға секіріп өледі. Бұл шығар­ма­да ұлттық бөлінудің негізгі мәселелері сөз болады. Жазушының «Құпия бөлме» атты шығар­масында қоғамдағы саяси қысым жағдайында қалыптасатын бостандық сезімі бейнеленген. Бұл мәселе 70-80 ж. корей тілінде жарық көрген шығармалардың негізгі тақырыбына айналады.
60 жылдары өзіндік құрылымы бар көптеген прозалық шығармалар пайда болады. И Хо Чхольдің «Ескінің қалдығы» шығармасында Че Ин Хун туралы айтылса, жазушы Ким Сынг Октының «Сеул, 1964 жылдың қысы» және «Еркектерге сапар» атты шығармаларында адам өзін жалғыздықта сезінетін қаланың қиын өмірі көрсетілген. И Чжоль Чжун өзінің «Еститін қабырға», «Жұлдыздарды көрсетемін», «Батқан кеме» сынды шығармаларында адамға қор­лық көрсету мен басқыншылықты өткір сынға алады.
70 жылдары корей тарихында «прогресс пен даму кезеңі» деп аталады. Елде соғыстың зардаптары жойылып, индустрия дами түседі, Корея дамушы елдердің қатарына кіреді. Халықтың өмір сүру деңгейі жақсарып, еңбекшілер ауылдан қалаға қарай көшіп, ірі кәсіпо­рын­дарында қызмет ете бастайды. Мұндай қоғамдық өзгерістер прозалық шығармалардың мазмұны мен құрылымына әсер етпей қоймады.
Жазушы Син Ки Сук өзінің «Чжаракол элегиясы», «Амтхэ аралы» атты шығармала­рын­да ауыл адамдарының урбанизацияға деген қарсылығын көрсе­теді. Ким Чун «Самчжит­коль» шығармасында ауыл адамдарының шынайы өмірін суреттеп, Чон Сынг Се өзінің «Накволь аралы», «Корольдің жаңа сарайы» және т.б. шығармаларында балықшылар ауылының өмірін бейнелейді. Прозалық шығармаларда индустриаландыру кезеңінің басталуы мен оның жағымсыз жақтары көрініс табады. Хванг Сок Енгоның «Сампо жолы», «Жат ел», Чжо Сенің «Ергежейлінің жоғарыға лақтырылған кішкентай добы» және т.б. шығармаларында аталмыш мәселелер сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет