Лекция №1 Корея әдебиеті



бет12/28
Дата14.10.2023
өлшемі221,14 Kb.
#114217
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
Шығыс халықтарының әдебиетінен дәрістер

Тао Юань-мин (365-427) Шығыс Цзиинь әулеті билік тұсында елдің оңтүс­тігінде өмір сүріп, 420 ж. Сун әулеті тұсында қайтыс болады. Бізге дейін Тао Юань-миннің 160 өлеңі мен бірнеше прозалық-поэти­калық шығармалары жеткен. Ол кедей отбасында дүниеге келіп, 29 жасынан бастап елге қыз­мет ете бастаған, болмашы лауазымдарға ие болады. Оның барлық поэзиясы лауазымдық қыз­мет­тен босап, тәуелсіздікке ие болған адам өмірі жайлы жырлауға ұмтылысы байқалады. YІ ғ. сыншы Чжуан Жун оны «дүние­ден безген ақындардың көшбас­шысы» деп есептейді. Тао Юань-миннен жаңа сипат­тағы поэзия бастау алады.
Юань-миннің поэзиясы адамды жоғарғы адамгершілікке бау­лып, өлімге сабыр­лық­пен қарауға үйреткен. Өз дәуірінен бұрын болған қытай жазушылары арқылы ғасыр­лар бойы жиналған адамгер­шілік құндылықтардың ең көркем көрініс­тері Юань-миннің поэзиясында айқын жырланған. Солар­дың ішінен «Шабдалы бұлақ» шығармасын еркше атап өтсе болады. Бұл өлеңде бақытты шаруалар әлеміне түскен осыдан 500 жыл бұрын Цинь жауыздарынан қашып, қазіргі кезде бар­лы­ғы да тең құқылы, мемлекет салығы жоқ қоғамда өмір сүріп жатқан балықшы туралы айты­лады.
Юань-мин өлеңдерінде ойдың тереңділігі мен жарқын­дығы оның поэтикалық мәнерімен тығыз байланысты. Өзінің қарапайымдылығы, таби­ғатпен тікелей қарым-қатынасының аста­рын­да нағыз адам өмірі, яғни оның қуанышы мен қайғысы жатыр.
Се Лин-юнь (385-433) - пейзаж лирикасының асқан шебері. Бұл жанрдың қалыптасуы - ІY-Y ғ. қытай әдебиетіне тән сипаттардың бірі. Табиғат тамаша­ларын жырлау, оны тылсым күш­тер­дің аренасы, адамзат қауымының тіршілік-тынысы ретінде сурет­теу пейзаж лирика­сына тән тақы­рып­тар. Бай, ақсүйектер ортасынан шыққан Лин-юнь көптеген ел­дер­ге саяхат жасап, өзін қорша­ған әлемге, ондағы тұңғиығы мен терең сырларына үңіле қарайтын. Оның өлеңдерінен тірі сурет­теу­­­лермен қатар кейде адам өмірінің тұрақсыздығы туралы буддизм элементтерін де, мистика­лық бейнелерді де кездестіреміз. Тіпті ақын­ның мистикалық өлеңдерінде де табиғаттың жарқын көрі­­ністері суреттеледі.
Лин-юнь поэтикалық үлгісінің ерекшелігі онда көне конфу­цийлік ілімнің негізінде жазылған кітап­тардан алынған сөздер мен сөз тіркестерінің және параллельді стильдің қолданысқа түсуі­мен байланысты.
Хань әулеті тұсындағы юэфу дәстүрін ұлы ақын Бао Чжао (384-456) жалғастырып, одан әрі дамыта түседі. Ол Цао Пимен бірге YІІ-ІХ ғ. ақындардың шығармашылығында гүлдене түскен жеті сөзді поэзияның негізін қалады. Бао Чжаоның қуатты әрі мықты өлеңдері қытай поэзия­сы­ның дамуына әсер еткен. Ол халық кедейліктен туындаған түрлі аурулар мен аштықтан зардап шегуде, ал көптеген ақсүйектер байлыққа белшесінен батып, бақытты өмір сүруде деп налыған («Ежел­гі дәстүрге еліктеу», «Тарихи өлеңдер»). Шекараларда қызмет ету, соғыс, Отан үшін жан­да­рын құрбан етуге дайын жауынгерлер туралы өлең жолдары­нан елдің солтүстік шекарала­рындағы жатжерліктердің жасаған жорықтары ақынды қатты толғандыратынын көре аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет