Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет44/46
Дата17.04.2023
өлшемі221,31 Kb.
#83597
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Лекция 2023 15 сағат (10)

Түбiр тiлдер. Түбiр тiлдер аморф, аффикссiз, формасыз, дараланушы, позициялы деп те атай бередi. Бұлай болуы: дүние жүзiндегi тiлдердiң қыр-сыры, күллi ерекшелiгiнiң – фонетикалық, лексикалық, сөз тудыру, түрлендiру, грамматикалық құрылымы мен байланысу тәсiлдерiнiң әлi де жете айқындала түспеуiне байланысты болса керек.
Бұл топқа (тике) қытай, дұнған, тибет, таи, бирма, вьетнам, малайя – полинезия, судан, бушмен тiлдерi жатқызылады. Дегенмен, олардың әрқайсысына тән өзгешелiк аз емес.
Лингвистердiң айтуынша, бұл тiлдерге тән басты ерекшелiктер мыналар: сөздерiнiң үнемi дерлiк түбiр күйiнде, таза түбiр қалпында, кейде таза түбiр мен таза көмекшi сөздер тiркесiп қана қолданылуы, сөздерiнiң бiршама қысқа, көбiнесе бiр буынды болып келетiндiгi, соған орай тiлдерiндегi буын түрлерiнiң көп болатындығы; сөздiк құрамында омонимдердiң аса молдығы; сөз бен буын мағынасының музыкалық екпiн арқылы ажыратылатындығы; сөз мағынасы сол екпiн арқылы ғана түсiнiктi болатындығы; сөздегi буын саны мен морфема шегi бiр-бiрiне, негiзiнен, сай кåлетiндiгi т.б.
Түбiр тiлдерде, бiздiң тiлдердегiдей, синтаксистiк негiзгi тәсiл байланыс амалдары, сөз тiркестiру жол-дары – қабысу, қиысу, меңгеру дегендер жоқ. Сырттай қарағанда сөздер бiр -бiрiмен сөйлем iшiнде байланыс-қа түспеген, әрқайсысы дара-дара сияқты болып көрiнедi; әрбiр морфеманың шекарасы ап-айқын болып келедi.
Полисинтетикалы тiлдер. Полисинтетикалы тiлдердi инкорпоративтi тiлдер деп те атайды. Полисинтетика грек тiлiнiң poly – көп, synthesis – бiрiктiру, тiркестiру, құрастыру сөздерiнен алынған; қазiрде көп құрамды, көп мағыналы дегендi бiлдiредi; ал инкопоративтi латынның incorporatio – бiрдеменiң iшiне қосылып кету немесе оны өзiне қосып алу дегеннен шыққан. Сонда екi термин мағынасының басын бiрiктiрсек, сөздерi мен сөйлемi, негiзiнен, түбiр мен негiз сөздi өз iшiне қосып ала отырып, бiрiңғай, бiркелкi морфологиялық тұтастықтай болып көрiнетiн тiл атаулы дегендi бiлдiредi.
Дәлiрек айтсақ, мұндай тiлдердiң бүтiндей сөйлемдерi күрделi бiрер ғана сөздер болып келедi; дегенмен, олардың әр мүше – морфемасының грамматикалық сипаты болады; сөз – сөйлем iшiндегi негiзде, яғни бүтiн бiр тұтастықта етiстiк те, есiм де, аффикс те қатар жүредi; бiрақ олар бүтiн бiр тұтастық ретiнде жымдасып – кiрiгiп, бүтiндей бiр сөз – сөйлем ретiнде бiр-ақ айтылады. Олардың құрамында алдымен бастауыш, одан соң баяндауыш, олардың орталарында анықтауыш, пысықтауыштар кiрiге жымдасып келедi.
Полисинтетикалы тiлдерге палеоазиат тiлдерi (чукчи, коряк, ительмен, юкагир, нивхи, камчадал), американ индеецтерi тiлдерi (алгонкин, ирокез, дакота, атабас, ацтек, майя, киче, кекчи, гуаран, кечуа т.б.) жатады.
Палеоазиат тобына жататын нивх тiлiнде сөйлем негiзгi екi құрам мүшеден, мәселен, субъект пен предикаттан ғана құралады.
Полисинтетикалы тiлдерде аффикстер арқылы жасалған сөздер мен сөз тiркестерi де бар. Бiрақ ол тiлдерде – полисинтетикалы тiлдерде агглютинацияның ара – жiгiн ажырату өте қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет