Лекция №1 Лекцияның тақырыбы: Тiл бiлiмi және оның салалары
Лекцияның мақсаты: Тіл білімінің салалары, басқа ғылым салаларымен байланысы
жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары: Тiл бiлiмi және оның салалары. 1.Тiл бiлiмiнiң ғылымдар жүйесiнде алатын орны және оның басқа ғылымдармен байланысы.
2.Тiл бiлiмiнiң практикалық мәнi.
3.Тiлдiң анықтамасы және оның мәнi мен қызметi.
4.Тiл және ойлау.
5. Тiлдiң таңбалық сипаты. 6. Тiлдiң құрылымдық және жүйелiк қасиеттерi. 7. Синхрониялық және диахрониялық лингвистика.
Лекцияның мазмұны Тiл бiлiмi немесе лингвистика француз тiлiнiң linguistigue, латынша lingua – “тiл” сөзi бойынша жасалған термин (тiл туралы ғылым дегендi бiлдiредi). Лингвистика – тiл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тiл – қоғамдағы адамдардың өзара пiкiр алысу, қатынас жасау құралы. °рбiр тiлдiң өзiндiк дыбыс жүйесi, сөздiк құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Мұның әрқайсысы тiлдiң фонетика, лексика, грамматика деген салаларында қарасты-рылып отырады. Тiл және оның салаларының әрқайсысы әртүрлi дәрежеде дамып отырады.
Тiлдi белгiлi бiр дәуiрде өмiр сүрiп отырған қалпы тұрғысынан қарастырып, сипаттама беретiн тiл бiлiмi бар да, оны шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан зерттейтiн тiл бiлiмi бар. Оның алдыңғысын сипаттама тiл бiлiмi немесе синхрониялық лингвис-тика, соңғысын тарихи тiл бiлiмi немесе диахрониялық лингвистика деп атайды.
Синхрония белгiлi бiр дәуiрдегi қалыпты зерттеу дегендi бiлдiрсе, диахрония тарихи зерттеу дегендi бiлдiредi.Ф. де Соссюрдiң пiкiрiнше, синхрония- тiлдiң белгiлi бiр дәуiрдегi бiр-бiрiмен өзара байланысты шарттас элементтiң, яғни, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесi.
Белгiлi бiр тiлдi, оның жүйесi мен құрылымын ғылыми тұрғыдан талдап түсiндiру және оның даму заңдарын ашып айқындау үшiн тiлдiк құбылыстарды, бiрiншiден, шығуы мен дамуы тұрғысынан, екiншiден, ол құбылыстарды туыстас тiлдердегi бiртектес құбылыстармен салыстыру тұрғысынан зерттеу қажет. Туыстас тiлдердегi ұқсас немесе бiртектес құбылыстарды салыстыру негiзiнде тiлдiң шынайы табиғаты ашылады.
Тiл бiлiмi ғылым ретiнде тiлдердi тарихи және салыстыру тұрғысынан зерттеудiң негiзiнде ХIХ ғасырдың басында жасалды. Тiл бiлiмi бұған дейiн де болған. Бiрақ, тiлдегi сан алуан құбылыстарға тек сипаттама берумен шектелген.
ХIХ ғасырдан бастап, ғылым атаулыда, әсiресе, қоғамдық ғылымдар саласында, соның iшiнде тiл бiлiмiнде әртүрлi құбылыстардың өзгеруi, дамуы тұрғысынан қарастыратын көзқарас пайда болды. Соның негiзiнде ХIХ ғасырдың бiрiншi ширегiнде сипаттама анализден ғылыми анализге көшуге мүмкiндiк жасалды. Тiлдердiң өзгеруi және даму заңдары ашылып айқындалды. Осының нәтижесiнде тiл бiлiмi ғылым ретiнде қалыптасты. Жеке бiр тiлдiң жүйесi мен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тiл бiлiмi мен ғылым ретiндегi тiл бiлiмiнiң теориясы болып саналатын жалпы тiл бiлiмi екеуiн бiр-бiрiнен ажырата бiлу қажет. Бұл екеуi - екi пән. Жалпы тiл бiлiмi - қатынас құралы ретiнде қаралатын адам баласы тiлiнiң дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Ол жеке бiр тiлiдiң ғана емес, көптеген тiлдердi есепке алады, соның барлығын жинақтай келiп, жалпы теориялық қорытынды жасайды. Ал жеке тiл бiлiмi қазақ тiлi, орыс тiлi, француз, ағылшын, әзiрбайжан, украин тiлдерi сияқты жеке тiлдердiң жүйесi мен құрылысын қарастырады. Жеке тiл бiлiмi жалпы тiл бiлiмiнiң қағидаларына сүйенедi. Яғни, жалпы тiл бiлiмi-тiл туралы ғылымның теориялық саласы болса, “Тiл бiлiмiне кiрiспе”-деп аталатын курс жалпы тiл бiлiмiнiң бастама курсы болып табылады.
Зерттейтiн обьектiсiне байланысты ғылым атаулы екi үл-кен топқа бөлiнедi: оның бiрi- жаратылыстану ғылымдары, екiншiсi – қоғамдық ғылымдар.
Тiл ғылымын жаратылыстану ғылымдары қатарына қосқан ғалымдар да болды. Соның бiрi – немiс лингвистi Август Шлейхер (1821-1868). Тiлдi ол тiрi организм сияқты құбылыс деп есептедi.Оның пiкiрiнше, тiл де тiрi организм сияқты туады өседi, тозады, өледi. Ғалым тiлдi биологиялық құбылыс қатарына жатқыза келiп, тiл бiлiмi ғылымын жаратылыстану ғылымдары қатарына қосты. А.Шлейхердiң бұл пiкiрi мүлдем қате, өйткенi тiлдiң тiрi организм сияқты белгiлi бiр мезгiлде туып, белгiлi бiр мерзiмде өлуi мүмкiн емес. Тiл қоғам дамуына байланысты дамып отырады. Сондықтан ол қоғамдық құбылыс ретiнде қарастырылады.
Қоғам дамуына байланысты өмiрде кездесетiн барлық құбылыс атаулы бiр-бiрiмен байланысқа түсiп отырады. Соған байланысты бiр-бiрiне ұқсамайтын екi ғылым атаулының ортасынан жаңа бiр ғылым ашылып, өзара байланысқа түсiп отырады. Мысалы, биология мен техника ғылымдары негiзiнде кибернетиканың пайда болуына байланысты бионика ғылымû пайда болса, биология мен химия ғылымû негiзiнде биохимия ғылымы пайда болып, ол химиялық процестердi тiршiлiктiң шығуы мен дамуы тұрғысынан зерттейтiн болады.
Ғылым атаулының осылайша дамуы барысында тiл бiлiмi де басқа көптеген ғылымдармен байланысқа түсiп, солармен қанаттаса дамып келедi. Тiл бiлiмiнiң әр түрлi ғылымдармен байланысын жете түсiну үшiн, оның әрқайсысына жеке тоқталу қажет. Тiл бiлiмi, бiрiншiден, қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Соның бiрi – әдебиеттану ғалымы. Бұл екi сала бiрiмен-бiрi ертеден тығыз байланысты. Тiл әдебиеттiң бiрiншi элементi (М.Г.). Лингвистер тiлдi зерттеу үшiн алдымен әдеби шығармаға сүйенедi.
Тiл бiлiмi философиямен, логикамен, психологиямен, физиологиямен, медицинамен,
физикамен, тарих ғылымының iшiндегi этнография және археология саласымен байланысы бар.
Әдетте біз "тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да мәні күшті", - деп жатамыз. Теориялық мәні дегеніміз не?
Тіл алдымен ғылыми тұрғыдан зерттелінеді. Соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым- қатынасы анықталады. Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар жасалынады. Сол қорытындылар мен топшылаулар негізінде грамматикалық, ягни ғылыми немесе нормативті окулықтар жазылады, түрлі сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық мәні дегеніміз осы.
Ал тілдің практикалық мәні деп - әлгі заңдылықтарды білуді, ол үшін сол тілді оқуды, үйренуді айтамыз. Белгілі бір тілді оқып білу - ең алдымен, сөйлеу мәдениеті мен жазу мәдениетін арттырады, адамның ой өрісін кеңейтеді. Содан кейін тілді, оның зандары мен қағидаларын үйретеді.
Қысқасы, университетке, институтқа түсіп оку, білім алу, әдетте, тілді окып машықтанудан атап айтқанда, дүрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуді үйренуден басталады. Дүрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу - әрбір мәдениетті, білімді адамның алдына қойылатын басты шарттардың бірі. Ал мұның өзі тілдің орфоэпиясы мен орфографиясын, грамматикасын жақсы білуді қажет етеді. Тілдің стильдік тармақтарын жете білудің де практикада маңызы зор.
Тiл – қоғамдық құбылыс. Оның ең басты қасиетi – қатынас құралы болу қызметi. Тiл мен қоғам өзара тығыз байланысты. Бiрiншiден, тiлсiз қоғам өмiр сүре алмайды. Тiлсiз қоғамды ұйымдастыру мүмкiн емес. Екiншiден – тiл қоғам бар жерде ғана өмiр сүредi. Қоғамнан,коллективтен тыс тiл болмайды. Тiлге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтiк қызметi,яғни қатынас құралы болу қызметi негiзге алынады. Тiл-тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бiрге ойлаудың, ойды жарыққа шығуының да құралы. Адамның ойы тiл арқылы, тiлдегi сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып,белгiлi бола алады. Ой және оның мазмұны тiл арқылы көрiнiп,сол арқылы ұғынылады. Демек, ойлау мен тiл бiр-бiрiмен өзара тығыз байланыста болады.
Сонымен, тiл – бiрiншiден, қатынас құралы болса, екiншiден, ойлау құралы. Оған қоса үшiншi бiр қызметi бар. Ол – экспрессивтi қызмет. Тiлдiң экспрессивтi қызметi деп адамның субъективтi қатынасын, сезiмi мен эмоциясын бiлдiру қызметiн айтамыз. Мұның көркем әдебиетте маңызы зор.
Тiл – тұрақты құбылыс. Оны базис немесе қондырма қатарына жатқызуға болмайды. Базис - өндiрiстiк қатынастар жиынтығы, өндiргiш күштердiң дамуының белгiлi бiр сатысына сай келетiн экономикалық құрылыс, қондырма-саяси праволық мекемелер және қоғамдық сананың түрi. Тiл базистен де қондырмадан да әлдеқайда ұзақ өмiр сүредi. Тiл–таптық сипатқа емес, жалпыхалықтық сипатқа ие.
Базистен тыс тiлдi мәдениетпен байланысты қарастыруға болады. Бiрақ екеуi бiр нәрсе емес. Мәдениет қондырма, ол-базиске қызмет етедi. Сондықтан ол әр түрлi сипатта болуы мүмкiн. Ал тiл барша халыққа бiрдей қызмет етедi.
Қызмет ету жағынан тiлдiң өндiрiс құралдарымен ұқсастығы бар. Бiрақ екеуiн бiрдей деп қарауға болмайды. Екеуi халыққа қызмет ету жағынан ұқсас болғанымен, екiншi бiр жағынан айырмашылығы бар. Өндiiрiс құралдары материалдық зат өндiредi, ал тiл еш нәрсе өндiрмейдi. Ол тек қатынас құралы болумен шектеледi.
Тiл мен ой әр уақытта философия, тiл, логика және психология ғылымдармен тығыз байланыста қарастырылады.
Ой тiл арқылы айтылған мазмұнның негiзiн құрайды. Ойсыз, тiл арқылы адам баласы бiр-бiрiмен қатынас жасай алмайды. К.Маркс ‘‘Тiл – ойдың тiкелей шындығы” – дейдi. Ой шындығы тiл арқылы,тiлдегi сөздер мен сөйлемдер арқылы көрiнедi.
Ойлау мен тiл бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Тiл ойлаудың шығуымен бiрге туып қалыптасты,бiрге дамып келедi.
Ойлауды екi түрлi аспектiде қарауға болады: бiрiншiден ұғым,байымдау формаларында болатын абстрактi процесс түрiнде қарайды да,екiншiден, қабылдау мен елестiң образы түрiнде болатын сезiм-образдар мазмұны ретiнде қарайды.Ой адам баласында ұғымдар мен байымдаулар және ой қорытындыларының формасы түрiнде өтiп жатады. Ал хайуанаттарда түйсiк қабылдау мен елестердiң образдарының формалары түрiнде ғана болады.Ойлау процесi адамда еңбекке байланысты туып қалыптасты және ол жалпылауыш қасиетте болады.
Тiлдiң шығуы мен ойлаудың шығуы туралы мәселелер өзара тығыз байланысты.Мұны И.П.Павловтың екiншi сигнал жүйесi туралы iлiмi дәлелдей түстi.Ол екiншi сигнал жүйесi адамның пайда болуымен байланысты туды және осымен байланысты жалпылаушы ойлау да пайда болды дейдi.
Тiлдiң таңбалық сипаты оның негiзгi ерекшелiктерiнiң бiрi болып саналады. Сондықтан лингвистер мен философтар бұған ертеден-ақ көңiл бөлген. Бұл туралы пiкiрлердi Б.Куртенэ, Фердинанд де Соссюр еңбектерiнен оқып көруге болады.
Фердинанд де Соссюр тiлдi таңбалар жүйесi деп есептейдi. Ол былай деп жазады: ''Тiл дегенiмiз идеяларды бiлдiретiн таңбалардың жүйесi, демек оны жазумен, мылқаулар үшiн жасалған әлiппемен, символ мәндi әдет-ғұрыптармен, сыпайылық формаларымен, әскери сиг-налдармен және т.б. салыстыруға болады. Тiлдi таңбалар жүйелердiң iшiндегi өте-мөте маңыздырағы. Сонымен, қоғам өмiрiнiң iшiндегi таңбалардың табиғатын зерттейтiн ғылым бар деп ойлауға болады,бiз оны ''семиология’' деп айтар едiк''.
Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Лингвистер бұл мәселеге ертеден бері-ақ назар аударып келеді. Фердинанд де Соссюр өзінің "Жалпы тіл білімінің курсы" (1916) атты еңбегінде тілді таңбалар жүйесі деп қарастырған және оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстырған. Таңбалар жүйесінің мынандай түрлері бар: жол бойының белгілері, әскери сигналдар, цифрлар (араб және рим), әріптер т.б. Бұларды шартты таңбалар деп атайды.
Тіл — таңбалардың ішіндегі өте-мөте маңыздысы. Ендеше, тілді де, оның элементтерін де (морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді) тілдік таңбалар деп білеміз. Мұндағы негізгі мәселе - таңба мен мағынаның байланысында.
Тілдік немесе тілдік бірліктердің таңбалық сипатына не жатады?
Біріншіден, тілдік бірліктер (сөздер) нені білдірсе де жалпылап білдіреді, екіншіден, сол білдірген (танытқан) нәрсесін тіркейді және оны сақтайды, сөйтіп оны келешек ұрпаққа жеткізеді. Яғни тілдің таңбалық сипатына тілдік бірліктердің үш түрлі қызметі жатады Олар: 1) атауыштық қызмет (затқа ат қою, белгілеу, тіркеу номнативті кызметі), 2) коммуникативтік қызмет (бір нәрсені хабарлау, пікір алысу қызметі), 3) эстетикалық қызмет (сезімге әсер ету - эмоционалдық, экспрессивтік қызмет).
Кез келген таңбаның екі жағы болады: бірінші жағы - формасы, екінші жағы - мазмұны. Мысалы, көшедегі бағдаршамның (светофордың) жасыл түсі - сол таңбаның формасы, ал "көшеден өтуге рұқсат" деген мағынасы - оның мазмұны. Тілдік таңбалардың да (бірліктердің де) дәл осындай екі жағы болады. Мысалы, бала, - лар/ -лер, -дың/-дің т.б. Бұл формалар мен мазмұндар тек сол таңбалар жүйесінде ғана мәнге ие бола алады; ол жүйеден тыс әлгіндей мағыналарды білдіре алмайды. Айталық, қазақ тілінің түбір морфемасы (бала) немесе аффикстік морфемасы (-лар) орыс тілінің, болмаса басқа бір тілдің жүйесінде ешқандай мәнге ие бола алмайды. Сондықтан да, біз "қазақ тілінің жүйесі", "орыс тілінің жүйесі" деген терминдерді жиі қолданамыз.