Жалаң сөз тіркесі - сөйлемдегі сөздердің саны қаншаекендігіне қарамастан олардың бәрі бір сөз тіркесінің бір-ақ түрімен (айталық, меңгеру немесе қабысу) байланысуын айтамыз. Мысалы: сөзді тыңдау — екі мүшелі, шөпті қораға тасу (шөпті тасу, қораға тасу) — үш мүшелі, шығарманы орысшадан қазақшаға аудару, (шығарманы аудару, орысшадан аудару, қазақшаға аудару) - төрт мүшелі тіркес. Бұлардың қурамындағы сөздердің бәрі де меңгеру арқылы байланысқан.
Күрделі сөз тіркесі - бір ғана ұйтқы (басыңқы) сөзге келіп тірелетін әр басқа байланыс түрлерінің (мәселен, меңгеру мен жанасудың) жиынтығын айтамыз. Мысалы: Шығарманы қызығып оку. Бұл — күрделі сөз тіркесі. Ол шығарманы оку, кызығып оку деген екі жалаң сөз тіркесінен қүралған. Біріншісі - меңгеру, екіншісі - жанасу. Бірақ екеуі де бір ғана оку деген ұйтқы сөзге келіп байланысқан.
Ал аралас сөз тіркесі деп — әр басқа ұйтқы сөзге тірелетін әр түрлі байланыстардың жиынтығын айтамыз. Мысалы: Мазмұнды шығарманы кызығып оку. Мұңда үш түрлі сөз тіркесі бар. Олар: 1) мазмүнды шығарма — қабысу; ұйтқы сөзі — "шығарма", 2) шығарманы оку - меңгеру; ұйтқы сөзі — "оқу", 3) қызығып оқу- жанасу; үйтқы сөзі — "оқу". Бүл үш түрлі байланыс екі ұйтқы сөзге тіреліп, бір күрделі тіркестің құрамында түйісіп түр.
Бақылау сұрақтары:
1. Сөзжасамның қандай тәсілдері бар?
2. Аналитикалық тәсіл арқылы сөздер қалай жасалады?
3. Синтетикалық тәсілге қандай белгі тән?
4. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туыны сөздерге қандай белгі тән?
5. Сөз тіркестері құрамына қарай қалай жіктеледі?
6. Сөздер қандай заңдылыққа бағына отырып тіркеседі?
7. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің морфологиялық құрылысы қандай болады?
8. Тіркестің бағыныңқы, басыңқы компоненттерін қалай ажыратуға болады?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:Сөз тіркестерінің зерттелу тарихы (тезис).