Э.Мэйоның адами қарым-қатынас мектебі. Ғылыми басқару мектебі мен классикалық мектеп психология ғылыми жанадан дами бастаған кезде өмірге келді. Сондықтан да осы мектептің өкілдері адам факторының маңызын мойындай тұрса да олардың пікірталасы – еңбекақыны әділ төлеу. Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс ұйымының негізгі тиімді элементі ретінде адами факторды толық мойындай алмауына жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарас табу, кемшілікті шешу мақсатында пайда болатын. Адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп атайды.
Э.Мэйоның адами қарым-қатынас мектебінің мәні: 1) адамдарға психологиялық тұрғыдан ықпал ету;
2) адамдарды ұжымдық еңбектің табыстылығына сендіру;
3) жұмысшыларды өз қалаулары бойынша топтастыру;
4) жұмысшыларға шығармашылық іске қабілетті адам ретінде ықпал жасау;
5) жұмысшылардың өндірісті жақсартуын ынталандыру;
6) өндірісте шығармашылылық белсенділікке жол ашу;
7) жұмысшыларды өндіріс процесін талқылауға және тиісті шешім қабылдауға қатыстыру ;
8) өз мамандығына деген мақтаныш сезімін көтермелеу, оларды ынталандыру;
9) адамдарға көңіл бөлу, қамқорлық таныту.
1933 жылы Э.Мэйоның «Индустриялық өркениеттегі адамгершілік қарым-қатынастар» еңбегі жарық көрді. Бұл еңбектің құнды идеясы – еңбек тиімділігін арттыру үшін жұмысшылардың психологиялық жағдайы мен көңіл-күйін жақсарту. Э.Мэйоның пайымдауы бойынша, жұмысшыларды бақытты ету үшін еңбек өнімділігін барынша арттыру қажет.
Адамгершілік қарым-қатынас мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру жолдарын іздестіруге көңіл бөледі:
1) классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі» принципін қатты сынға алып, билік тек жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептемеді. Олар қарым-қатынастың тиімділігін арттыру мақсатында «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды;
2) егер басшылар жұмысшыларға көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.
3) басшылардың тиімді әрекет етуі, жұмыскерлермен кеңесуі, қарым-қатынас жасауға барынша толық мүмкіндік беру және т.б.