Кесте 1- «Менеджмент» ұғымынының мәні
Рет
саны
|
Ғалымнының
аты-жөні
|
Анықтама
|
1
|
Ю.А.Конаржевский
|
Менеджмент – бұл басқару ғана емес, кез келген маманға қажет білімдердің жиынтығы
|
2
|
Т.М.Баймолдаев
|
Менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, өзара қарым-қатынас тәсілі, нәтижесі адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің ерекше формасы
|
3
|
Л.Л.Крившенко
|
Менеджмент – білім беру процесін басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық тәсілдер кешені
|
4
|
М.А.Гончаров
|
Менеджмент – эволюциялық ғылым жəне басқаруға келесі көзқарастардың ауысу динамикасында кəсіби басқару қызметінің ерекше түрі
|
5
|
А.Мескон
М. Альберт
Ф. Хедоури
|
Менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тəртіп уəждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі
|
6
|
Б.Абыкаримұлы
К.С.Ахметкаримова Р.Ш.Абитаева
|
Менеджмент – өндіріс пен өткізуді басқару құралы мен формасы, қазіргі заманғы қағидалары, тәсілдері және оның тиімділігін арттыру мен пайданы көбейту кримов
|
2. Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы: менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары.
«Менеджмент» терминінің анықтамасын көптеген авторлар атап айтсақ, А.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури өз тұжырымдамаларында төмендегідей ұсынады: менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тəртіп уəждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі.
«Менеджмент» түсінігінің мазмұны əр алуан, терең жəне төмендегідей аспектілерде қарастырылады:
басқару туралы ғылым, ұйым мақсаттарының ең тиімді жетістіктеріне ықпал ететін жаңа көзқарастардың, əдістердің, технологиялардың ғылыми ізденісі аясында іске асады;
белгілі нəтижелерді, кəсіпкерлік қызмет барысында пайда алуға бағытталған фирмамен тəжірибелік басқару ретінде;
процесс ретінде, яғни бөлек əрекет немесе операция емес, бірақ ұзақ, кезеңдік қызмет;
өзіне белгілі жиынтықты, фирма бөлімшелерінің, сондай-ақ басқару субъектілерінің құрылымын енгізетін басқару ұйымы ретінде. (Жалпы айтқанда, менеджмент бойынша əдебиеттерде басқару субъектілері деп тек басқарушы қызметтерін атқаратын адамдар ғана емес, басқарушы құрылымдар да танылады);
басқару аппаратының əртүрлі деңгейлері ретінде. Басқару проблемалары бойынша əдебиеттерде ғана емес, басқарудың жоғары деңгейін, жоғары басшылықты белгілейтін «топ-менеджмент» деген термин кеңінен таралды.
Педагогикалық менеджмент нақты мұғалімнің басқарушылық қызметі жаңа əлеуметтік-педагогикалық жағдайларда өмір сүруге дайын баланың жеке басын дамыту мақсаттарына бағытталады деп біржақты таяз түсіну қалыптасқан, оның барысында педагог келесілерді жүзеге асырады:
басқаратын объектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау үшін ақпаратты түрлендіру;
оқу-тəрбие процесін қағидаттар, əдістер, құралдар мен нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару;
оқушылардың еңбегін, зиятын, уəждері мен қажеттіліктерін пайдалана отырып, қойған мақсаттарға жету;
білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге асырылатын жəне адам факторын есепке ала отырып, оқу-тəрбие мақсаттарына жету процестерін ұйымдастыру жəне т.б.
3. Ф.Тейлордың ғылыми басқару мектебіне, А.Файолдің әкімшілік басқару мектебіне, Э.Мэйо, А.Маслоудың адами қарым-қатынас мектебіне, Ф.Герцбергтің екіфакторлы модель мектебіне қысқаша сипаттама беру.
Достарыңызбен бөлісу: |