Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым



бет55/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90
Пән бірлестіктерінің қызметі:
  1. Оқу процесінің деңгейін қалай көтеру шараларын айқындау, оны жүзеге асыру.


  2. Оқытудың белсенді формалары мен әдістерін таңдау, оқу бағдарламасындағы қай тақырып пен бөлімдерді оқытудың әдіс-тәсілдерін талдау.


  3. Оқу бағдарламалық құжаттарды зерттеу, талдау.


  4. Педагогикалық, методикалық, ғылыми әдебиеттердегі мақалдармен танысу.


  5. Ғылым жетістіктері мен озат тәжірибені зерттеп, таңдап, практикаға енгізу.


  6. Оқу процесінің қорытындыларына талдау жасау, бірыңғай бақылау, тексеру жұмыстарын дайындау, емтихан материалдарын әзірлеу.


  7. Пән апталықтарын өткізу, конкурс, олимпиадалар өткізу.


  8. Педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру.


  9. Ашық сабақтарға қатысу, оны талдау.




Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлері:
  • оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің келелі мәселелері бойынша педагогикалық эксперимент жүргізеді, эксперимент нәтижелерін педагогикалық процеске енгізеді;


  • әдістеме сұрақтары бойынша дөңгелек столдар, мәжілістер мен семинарлар, мұғалімдердің шығармашылық есебін өткізеді;


  • ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді;


  • педагогика мен психологияның жалпы сұрақтары, оқыту мен тәрбие әдістемесі бойынша лекциялар, хабарламалар мен баяндамалар жасайды;


  • озық педагогика идеялары мен басшылыққа алынуы тиіс құжаттарды оқып үйреніп, оның оқу-тәрбие процесінде орындалуын қамтамасыз етеді;


  • пән апталықтары мен әдістемелік апталықтар өткізеді;


  • сабақтардың өткізу барысына бақылау жасайды.




Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары:
  1. пәнді оқыту процесінің нәтижесіне талдау жасайды;


  2. оқу курсының мазмұны мен құрылымының өзгеруіне ұсыныстар енгізеді, оның оқу әдістемесін қамтамасыз етеді;


  3. мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқушының оқу бағдарламасын меңгеруін қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі бойынша педагогикалық эксперименттер жүргізеді;


  4. күнтізбелік, тақырыптық жоспарларды талқылайды және бекітеді;


  5. оқу-әдістемелік құралдар мен дидактикалық материалдар дайындайды және оларды талдайды, талқылайды;


  6. оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселесін қарастырады, оның жүргізілуіне басшылық және бақылау жасайды;


  7. оқу-зертханалық базаның жетілдіруі бойынша көрнекі құралдар, макеттер, стендтер, дисплейлік кешендер, диафильм, таблицалар құрастырады және оны қолдану әдістемесін жасайды;


  8. жас мамандарға арналған семинарлар ұйымдастырады, тәлімгерлер тағайындайды;


  9. пән бойынша өткізілетін білім сайыстары, олимпиадалар мен байқаулардың ережелерін құрастырады;


  10. оқудағы жетістікті қамтамасыз етуде оқу еңбегі мәдениетін көтеруге, еңбек және демалыс режимінің сақталуына байланысты оқушыларға, ата-аналарға арналған нұсқаулар дайындайды;


  11. мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейін көтеру, пәнді оқыту әдістемесі мәселелері бойынша баяндамалар дайындап, оны талқылайды;


  12. басқа да әдістемелік бірлестік жұмысымен танысып, тәжірибесін зерттейді, алмасады.




2. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің түрлері мен рөлі. «Жас мұғалімдер мектебі», «Тәлімгерлік», «Педагогикалық шеберлік мектебі», озат педагогикалық тәжірибені жалпылау, жаңашыл педагогикалық іс-әрекетке тарту.
Мұғалімнің кәсіби шеберліктерін шыңдауда педагогикалық оқулар, ғылыми-әдістемелік семинар, байқау, олимпиада, шығармашылық есеп, іскерлік ойындардың берері көп. Әдістемелік бірлестіктерді өткізудің белсенді формалары: дөңгелек үстел басындағы сұхбат, іскерлік ойын, пікірталас, конференция, педагогикалық оқулар, т.б.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, кәсіби шеберлігін арттыруда мұғалімнің өз жұмысына өзіндік кәсіби талдауы үлкен рөл атқарады:
  1. мұғалімнің оқушы білім сапасының мониторингісін жасауы, өз іс-тәжірибесіндегі дидактикалық қиындықтарды, кемшіліктерді көре алуы және оны болдырмаудың алдын алу шараларын белгілеуіне көмектеседі;


  2. мұғалім өз жұмысына сын көзбен қарауды үйренеді, өз жұмысын, педагогикалық іс-әрекетін өзі талдауды үйреніп, өзіне-өзі баға береді;


  3. жоғары кәсіби деңгейі қалыптасқан шебер-мұғалім өзінің төл инновациялық педагогикалық технологиясын ұсынуы мүмкін.


Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі ой


еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады:


  1. Әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау: ақпараттық қор, талдау, диагностика, мақсаттар мен міндеттер, жоспарлау.


  2. Әдістемелік бірлестік жүргізетін іс-шаралар: алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені оқып-үйрену және енгізу, педагогикалық шеберлікті жетілдіру, сыныптан тыс жұмыстар, мәжілістерді өткізу сапасы.


  3. Әдістемелік бірлестік жұмысының мұғалімнің кәсіби шеберлігінің өсуіне тигізер әсері: мұғалімдердің теориялық және әдістемелік білімінің деңгейі, дамыта оқыту әдістерін пайдалану, мұғалімнің өз білімін көтерудегі шығармашылық белсенділігі.


  4. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесі: оқушылардың жалпы білімділік, іскерлік дағдыларын дамыту, сабақта оқушының пәнге деген қызығушылығы, шығармашылық белсенділігі, оқушылардың пән бойынша білімі, пән олимпиадаларының қорытындысы.

Озат тәжірибе мектебінің мүшелері мектептің басқа мұғалімдеріне арнап теориялық, практикалық семинарлар, конференциялар, педагогикалық оқулар, дөңгелек үстел, педагогикалық тренингтер ұйымдастырады.

Әдістемелік жұмыс – басқарушылық жүйенің құрамды бөлігі. Демек, педагогикалық талдау жүйесінің негізінде мектепішілік әдістемелік жұмыстағы дұрыс міндеттерді белгілеуге қолайлы жағдай жасау, ондай жүйеге түсу үшін ғылыми негізде оқытуға, оқушылардың білім, дағдыларының сапасына ұтымды әдістерді нақты жүргізу шараларын белгілеу.


Өздігінен білім көтеру ауқымды мәселелерді қамтиды. Әйтсе де педагогикалық өз білімін көтеру мұғалімнің педагогикалық оқу орнында оқымаған, бірақ қазіргі уақытта мектеп үшін өзекті меселелерге бағытталуы тиіс.
Бірлестік жұмысының деңгейі мен нәтижелері жайлы хабарламалар ақпараттық қорда жинақталып, мектептің оқу-тәрбие жоспарын құруда басшылыққа алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет