Сурет-20. Білім беру саласындағы ТQМ функциялары
Жоспарлау объектісі болып табылатындар:
ресурстар (кадрлық; материалдық-техникалық; қаржылық);
оқушылар құрамы және қабылдау тәртібі;
білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды ендіру;
жалпы орта білім беретін мектептердегі ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және инновациялық процестер;
жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесін жүргізудегі басқа құрылымдардың (кітапхана, ғылыми орталықтар) қызметі;
білім беру процесін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету қызметі (оқу жоспарлары, бағдарламалары, технологиялары);
білім беру мекемесінің халықаралық байланыстары;
кәсіпкерлік, қаржы-әкімшілік іс-әрекеті.
Ұйымдастыру – басқару құрылымы бойынша басқарушылық іс-әрекетінің функциясы, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін анықтау, олардың өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ету, мақсатқа жету жолындағы әдіс-тәсіл, құралдардың тиімдісін таңдау.
Ұйымдастыру процесінің кезеңдері:
еңбекті (қызметті) бөліп берудің тиімді формасын анықтау;
басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын анықтау;
білім беру мекемелері бөлімі мен бөлімшелері қызметкерлері арасында міндеттері мен құқықтарын анықтау, жұмыстарды бөлісу;
қызметке, іс-әрекетке, жұмысқа уақытты бөлу;
кадрларды таңдау және іріктеу.
Ұйымдастырушылық қызметтің басты құралдары болып табылатындар: бұйрық, ереже, жарнама, нұсқау, әңгімелесу және т.б.
Қазіргі кезеңде нақты құрылымы жоқ мекемені тиімді басқару мүмкін емес. Басқару құрылымы – басқару процесін жүзеге асыратын ұйымдастыру формасы. Тиімді ұйымдастырушылық құрылымды құру – мақсат емес, мақсатқа жету құралы.
Білім беру саласында менеджердің мақсаты – мекеменің міндет-мақсатына сәйкес келетін ең жақсы әдіс-тәсілді таңдау. М.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури сияқты американдық ғалымдардың пікірінше, ең жақсы құрылым – мекемені сыртқы ортамен тиімді өзара қарым-қатынасқа өнімді еңбекке бағыттайтын құрылым, осылайша өз мақсатына жоғары жетістікке жету.
Достарыңызбен бөлісу: |