Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Сурет-22. Стратегиялық жоспарлау процесі



бет48/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

Сурет-22. Стратегиялық жоспарлау процесі


Мазмұнының ауқымдылығы бойынша:
1) Кешенді жоспар – оның барлық бағыттары мен түрлерінде әрекеттері жоспарланады (тәрбие жұмысының жоспары, педагогтың балалар ұжымымен жұмыс жоспары);
2)Тақырыптық жоспар – бір бағытқа немесе әрекеттің бір түріне жоспарланады (ата-аналармен жұмыс жоспары, кәсіптік бағдар жоспары);
3)Пәндік (нақты) жоспар – бір нақты іс жоспарланады (конференцияның жоспары, сынып сағатын дайындау және өткізу жоспары).
Жоспарлау кезеңінің ұзақтығына байланысты:


  1. ұзақ мерзімді – ұзақ мерзімге арналған жоспар (бір жыл, одан да ұзақ);


  2. кезеңді (мерзімді) жоспар – бұл орташа мерзімді жоспар (тоқсандық немесе жарты жылдық);


  3. қысқа мерзімді – жақын кездегі жоспар;


  4. оралымды – жақын арадағы нақты әрекеттер жоспары;


  5. күнделікті жоспар.


2. Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлерінің (мектепішілік жоспар, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің, пәндік бірлестіктердің, тақырыптық және сабақ жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарлары) орындалуын бақылау мазмұны мен түрлерінің бірлестігі.
Мұғалімнің жұмыс жүйесін терең зерттеп, білуге бақылаудың жаппай әдісі сай келеді, мұның барысында жалпы мектеп немесе сыныптар бойынша бір не бірнеше оқу пәндерінің оқытылу сапасы зерттеледі.
Әдістемелік бірлестік жоспарының құрылымы: мамандарға сипаттама; әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттері; өткізілген жұмыстарды талдау; біліктілікті арттыру; оқу сапасын арттыру жолдары; тәрбие жұмысы; өзара сабаққа қатысу; отырыстар тақырыбы; жас мамандармен жұмыс.
23-суретте мектепті басқарудың жоспары ұсынылды.
Сурет-23. Мектепті басқарудың жоспары
Әдістемелік бірлестік құжаттары:
  • оқу-әдістемелік құжаттары: мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, типтік оқу бағдарламалары, жұмыс оқу жоспарлары;


  • білім мекемесіндегі әдістемелік бірлестігінің ережелері;


  • әдістемелік бірлестікті құру және оның құрамын бекіту туралы мектеп директорының бұйрығы;


  • әдістемелік бірлестік мүшелерінің міндеттері;


  • сапалық құрамы (мұғалімнің портфолиосы);


  • әдістемелік бірлестік жұмысының жоспары (тақырыбы, мақсаты, міндеттері мектептің проблемасынан туындайды);


  • жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары;


  • оқу-әдістемелік семинарларға жасалатын баяндамалар жоспары;


  • пәндік олимпиадалар, жобалар өткізу және оның нәтижелері мониторингісі;


  • әдістемелік бірлестік мүшелері жүргізетін пән үйірмелері, таңдаулы курстар туралы мәліметтер;


  • МАБ, ҰБТ-ға дайындық жүргізу, өткізу, мониторинг материалдары;


  • дидақтикалық материалдар, ашық сабақтар, сынып сағаттарының әдістемелік сандықшасы, өткізу кестесі; озық тәжірибелер жинағы;


  • мұғалімдердің курстан өту кестесі; оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық жағдайы туралы мәлімет;


  • мектепте эксперименттік және ғылыми зерттеу қызметі туралы мәлімет (болған жағдайда); әдістемелік бірлестік жұмысына аналитикалық талдау (жылдың соңында);


  • әдістемелік бірлестік отырыстарының хаттамалары.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет