Мотивация– мекеме қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетін ынталандыру және өзін-өзі дамыту бойынша басқару іс-әрекетінің функциясы, сондай-ақ әрбір қызметкердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыратын ұжымдағы тиімді әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыратын басқару іс-әрекеті.
Білім беру жүйесінде ТQМ нобайы 21-суретте ұсынылды.
Бақылау – келелі адекватты коррекциялық іс-әрекет жасау үшін мекеменің жұмысына объективті сандық және сапалық баға беруді мақсат ететін басқару іс-әрекетінің функциясы.
Сапалы ақпаратты жинау мен талдау басқарудың кері байланысын жүзеге асырғанда көрініс табады.
Бақылау басқару іс-әрекеті ретінде төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
білім беру мекемелері әртүрлі бөлімдерінің жай-күйін, көрсеткіштерін, стандарттарын анықтау;
бақылау объектісінің дәрежесіне сәйкес келетін ақпарат жинау;
жоспарланған, алынған нәтижелерге түзетулер енгізу (коррекция жасау).
Координация – процестің үздіксіздігін, тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін басқару функциясы. Коррдинациялаудың басты мақсаты – тиімді байланысты орнату арқылы мекеменің барлық бөлімдерінде өзара келісімділікті, үйлесімділікті қамтамасыз ету. Басқарудың бұл қызметін жүзеге асыруда әртүрлі құжат көздері пайдаланылады (ЖОО-ның жылдық есебі, кафедра, факультеттің жұмыс іс-жоспарлары, қызметтік жоспары және т.б.). Коммуникация – жақсы координациялық жұмысты жүргізу үшін коммуникацияның атқаратын рөлі зор. Басқару қызметінде ақпаратты алу, өңдеу және жеткізу барысындағы іс-әрекеттер жүйесі коммуникациялық қызметті құрайды.
Сурет-21. Білім беру жүйесіндегі ТQМ нобайы Білім беру мекемелерінде тиімді жұмыс жасау принциптерінің маңызы зор, өйткені ол нәтижеге жетудің кепілі. Тиімділік – бұл бірінші кезекте мәселені таңдау (Нені жасауға болады? Нені жасауға болмайды?).
22-суретте стратегиялық жоспарлау процесі ашып көрсетілді.