Дұрыс педагогикалық қарым-қатынасқа қажетті қасиеттер: 1) Эмпатия – адамның болып жатқан жағдаятты әріптесінің, яғни қарым-қатынас жасап тұрған адамның көзімен көріп, түсіне білуі.
2) Тілектестік – педагогикалық қолдау. Шынайы сыпайылық – адамдарға тілектестікпен қараудан құралады. Адамның өзінің игі көңілін өзі сезініп және жұртқа сезіндіре білу қабілеті, өзгені ұната білу, оған құрмет көрсету, басқаның пікірін сыйлап, көңілінен шықпаса да, ойдағыдай болмаса да, дұрыс болса – қолдай білу.
3) Ынталылық – басқамен қарым-қатынаста іскерлік позицияға бейімділік; алға басу, өздігінше қарым-қатынас орната білу; қажет болса басқаның сөзін, ісін күтпей, жағдайды жақсартуды өз қолына ала білу.
4) Өзіне-өзі ие бола білу – біреудің бет пердесімен жамылмай әртүрлі мәселелерге, адамдарға өз көзқарасын ашық айта отырып, өзіне-өзі ие бола білу қасиеті.
5) Ашықтық – адамның өзгелерге өз ішкі дүниесін ашуға дайын тұруы, ойларын ашық айта білуі.
6) Сүйіспеншілік – оңтайлы қарым-қатынас жасаудың жетекші қасиеті, балаларды жақсы көру (34 сурет).
Сурет-34. Менеджердің этикасы 35-суретте педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын талаптар ашылды.
Сурет-35. Педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын талаптар
Оңтайлы қарым-қатынас жасау кезеңдері:
Қарым қатынасты модельдеу –бұл кезең алдағы сабақтың мазмұнымен және әдістемелік компоненттерімен тығыз байланысты болады. Әрбір топта қарым-қатынас процесінің өзгешелігі болады, сол топтағы сабақтың да өтілуіне қарым-қатынас әсер етеді.
Тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру –топпен бастапқы байланыс жасау кезеңі тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру деп аталады. Сабақта оқушылардың танымдық әрекетін және оны тәрбиелеуді меңгеру ең алдымен қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.