Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


Сурет-25. Құзыреттілік ұғымының мәні



бет54/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

Сурет-25. Құзыреттілік ұғымының мәні

Құзыреттілік – педагогтың өзін маман ретінде өз бетімен білімін, кәсіби шеберлігін, мәдениеттілігін көтеріп, қазіргі заман талабына сай бейімдей білуі.


Құзыреттілік – педагогтың өзін маман ретінде өз бетімен білімін, кәсіби шеберлігін, мәдениеттілігін көтеріп, қазіргі заман талабына сай бейімдей білуі.
Мұғалімнің білім, білік, дағдылары: өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі; жұмыс істеу шеберлігі; мәдениеті; психологиялық қасиеттері; қарым-қатынас стилі; педагогикалық такт, әдеп.
В.А.Сластенин бойынша, кәсіби құзыреттілік жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық даярлығы мен қабілеттерінің бірлігі.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін О.А.Абдулина, Ю.К.Бабанский, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, И.Ф.Харламов, Б.Г.Гершунский, М.Н.Сарыбеков, Ш. Т.Таубаева және т.б. ғалымдар зерттеді.
26-суретте нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіндегі құзыреттілік ұғымының мәні ашылды.


Сурет-26. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның кәсіби және даралық қасиеттерімен сипатталады:



  • іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейі;

  • көзделінген іскерлік, дағды, қабілетті меңгеруі;

  • педагогикалық іс-әрекетке жаңаша көзқарас;

  • инновациялық технологияны меңгеруі;

  • педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік іскерлігі;

  • шығармашылық шеберлігі;

  • ізденушілік іс-әрекеті.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігін, іскерлігін – құзыреттілігін қажет етеді. Біліктілік, жалпы алғанда, маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол өзінің көздеген мақсатына қол жеткізеді. Ал, құзыреттілік – тәжірибеде көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін толық пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе алатын қабілеті, іскерлігі.
Кәсіби құзыреттіліктің құрылымы қабылданған педагогикалық білік арқылы түсіндіріледі, ал ол білік теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндетті шешуге бағытталған іс-қимыл арқылы шешіледі.
Ғалымдар кәсіби тұлғаны, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін кәсіби біліктілік, ұстаздық шеберлік ұғымдарымен бірлікте қарастырады:

  1. тұлғалық - адамгершілік бағдар;

  2. педагогикалық шындықты жүйелі түрде қабылдай білу және онда жүйелі іс-әрекет жасау;

  3. заманауи технологияны меңгеру.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін жоғары нәтижеге қол жеткізетін оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі.
Қазіргі заманғы білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің, құзыреттіліктің бұл құрылымдық компоненті тағы 3 компонентпен толықтырылады:
1) Тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәжірибесімен алмасу, инновациялық тәжірибемен алмасу, өзінің тәжірибесін қорытып, басқаларға бере алу білігі.
2) Тәжірибенің үнемі толығып отыруы жағдайында педагогтың қажетті сапасы ретінде оның кәсібіндегі жаңа ізденушілік ахуалды туғызу білігі.
3) Кәсіби білікті мұғалім педагогикалық рефлексияға (өз ісіне талдау жасай алу), яғни сындарлы ойлаудың ерекше тәсіліне қабілеті.
Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздерін директор, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық әрі нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады.
Ал мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттері:

  1. Мектептің педагогикалық ұжымының педагогикалық іс-тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, педагогика ғалымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру.

  2. Мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру.

  3. Жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту.

  4. Жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру.

  5. Ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескеріп ұйымдастыру.

  6. Мұғалімдердің өздігінен педагогикалық білім көтеруіне кеңес беру.

  7. Жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.

Мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып айқындаған дұрыс. Олар – мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы: әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік-адамгершілік, басқара білу мәдениеті. Әдістемелік жұмыстың мазмұны кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің әрбір бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы мүмкін.
Педагогикалық әдебиеттерде мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті төмендегідей аспектілерде қарастырылады:

  1. ғылыми-педагогикалық қабілеттілік (М.Н.Скаткин және т.б.);

  2. зерттеушілік білім, білік, дағды (Л.Горбунова және т.б.);

  3. кәсіби іс-әрекет (А.Е.Абылкасымов, З.А.Исаева, М.С.Молдабекова);

  4. педагогикалық шығармашылық іс-әрекет (В.И. Скляной);

  5. зерттеушілік іс-әрекет (Н.В.Кухарев, А.И.Кочетов, Ш.Т.Таубаева, т.б.)

  6. педагогикалық мәдениет (А.А.Молдажанова);

  7. ғылыми шығармашылық іс-әрекет (Я.А.Пономарев және т.б.);

  8. мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті (В.А.Сластенин, В.Э.Тамарин, т.б.);

  9. педагогикалық ойлау іс-әрекеті (Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская);

  10. кәсіби-зерттеу мәдениеті (З.А.Исаева және т.б.);

  11. зерттеу жұмысының құралы (П.Т.Приходько);

  12. кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі (А.К.Маркова);

  13. кәсіби мәдениет (В.А.Сластенин және т.б.);

  14. әдіснамалық ойлау көрінісі (О.С.Анисимов);

  15. педагогикалық іс-әрекетті жетілдіру (К.М.Варшавский, Т.И.Саломатова);

  16. оқыту процесіндегі зерттеушілік іс-әрекет (Т.И.Шамова және т.б.);

  17. инновациялық іс-әрекет (Ш.Т.Таубаева, Л.С.Подымова, И.И. Цыркун, К.Д. Бузаубакова және т.б.);

  18. технологиялық іс-әрекет (Г.К.Селевко);

  19. рухани мәдениеттің құрамды бөлігі (М.М.Мұхамбетова және т.б.)

Әдістемелік жұмысқа қойылатын ең маңызды талап – ол әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның ғылым негізін оқытудың сапасын, оқушылар білімінің деңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет