дидақтикалық материалдар, ашық сабақтар, сынып сағаттарының әдістемелік сандықшасы, өткізу кестесі; озық тәжірибелер жинағы;
мұғалімдердің курстан өту кестесі; оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық жағдайы туралы мәлімет;
мектепте эксперименттік және ғылыми зерттеу қызметі туралы мәлімет (болған жағдайда); әдістемелік бірлестік жұмысына аналитикалық талдау (жылдың соңында);
әдістемелік бірлестік отырыстарының хаттамалары.
Мектептерде тәрбие жұмысының педагогикалық талдауы Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ең маңызды жұмысының бірі-тәрбие процессін және оның нәтижесін талдау болып табылады ( 16-кесте).
3. Мектеп құжаттары, рөлі, негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы, оларды жүргізуге қойылатын талаптар.
Әдістемелік бірлестіктің қалыпты жұмыс жүргізуі үшін келесі құжаттар болуы тиіс:
Әдістемелік бірлестіктің құрылуы туралы бұйрық.
Әдістемелік бірлестік жетекшісін тағайындау туралы бұйрық.
Әдістемелік жұмыс тақырыбы, оның мақсаты, басым бағыттары мен жаңа оқу жылындағы міндеттері.
Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары.
Әдістемелік бірлестіктің айлық жұмыс жоспары.
Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің сандық және сапалық құрамы (туған күні, жылы, білімі, мамандығы, жалпы еңбек өтілі, марапаттары, мекен-жайы, телефоны).
Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің өз білімін көтеру, ізденіс тақырыптары.
сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларға кіру дәптері;
Әдістемелік бірлестік құжаттары папкаларда сақталады. Жинақ папкалары келесі ретте жіктеледі.
Папкалар:
Нормативті-құқықтық құжаттар (бұйрықтар, ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің нұсқау хаттары, түрлі байқаулар туралы ережелер, т.б)
Әдістемелік жұмыс (бұл папкада №№3,4,9,10,11,12,13,14,17,18,19,24,26 құжаттар жинақталады).