Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


Лекция №10. Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару



бет65/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

Лекция №10. Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару
Жоспары:
1. Мектептегі рухани-психологиялық климат.
2. Басқарудың негізгі қағидалары, еңбекті тігінен және көлденеңінен бөлу.
3. Басқару жүйесінің құрылымы, жұмыскерлердің лауазымы бойынша қызметтері.
4. Басқару формасы, әдістері мен құралдары, қызмет түрлері (функциялары). Педагогикалық кеңес.
5. Мектепті технологиялық тәсілмен басқарудың түйіні.
Ұсынылатын әдебиеті:
1) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент. Оқулық . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -383 б.2.Т.В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент Алматы, 2012
2) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент: Тест тапсырмалары, кейстер. Оқу құралы . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -87 б.
3) Бузаубакова К.Д., Ахметова А.Н. Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару. Оқу құралы. -Тараз: ТарМПИ, 2015. - 156 б.
4) Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы.- Алматы, 2005.-145 б.
5) А.Қ.Дүйсенбаев Педагогикалық менеджмент:- Алматы: Отан ЖҚ., 2015.-187 б.
6) Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. - Ақтау, 2010. -87 б.
7) В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент. - Алматы,2015.-245 с.
1. Мектептегі рухани-психологиялық климат.
Ұжымдағы психологиялық ахуалдың мазмұндық сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық ахуалды сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтан да А.С.Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді екпінге баса мән берген.
Әлеуметтік-психолоғиялық ахуал ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық ахуалды осылай түсіне отырып, оның төмендегідей негізгі қызметтерін атауға болады.
Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасына баса мән беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет