Лекция №11. Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде Жоспары: 1.Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде.
2. Басқарудың негізгі элементтерінің сипаттамалары: мақсаты, құралдары, білім беру үдерісі.
3. Адами ресурстардың құндылығы.
4.Мектеп ұжымының бағдарламалық іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері: алқалық келісімге келу, шынайылық, дәлел деңгейін арттыруға бағдарлау, жеке басын ынталандыру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент. Оқулық . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -383 б.2.Т.В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент Алматы, 2012
2) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент: Тест тапсырмалары, кейстер. Оқу құралы . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -87 б.
3) Бузаубакова К.Д., Ахметова А.Н. Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару. Оқу құралы. -Тараз: ТарМПИ, 2015. - 156 б.
4) Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы.- Алматы, 2005.-145 б.
1.Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде. Нарықтық экономика жағдайларында кəсіпорындар мен ұйымдардың үздік қызметі тұтынушыларына ұсынатын өнім мен қызметтерінің сапасына негізделеді.
Сапа проблемаларын теориялық негіздеудің қажеттілігі Ресейде 1992 жылдың басында ғылыми зерттеудің жаңа саласы – квалиметрияның пайда болуына əкелді, оның басында Н.А.Селезнева, А.И.Субетто, Ю.Г.Татур сияқты ғалымдар тұрды.
Заманауи педагогикалық əдебиетте «білім сапасы» термині əртүрлі түсіндіріледі (6-кесте).
Кесте 6 -«Білім сапасы» ұғымының мәні
№
Анықтама
Шығу көзі
1
Білім сапасы – адам өз білімін әр түрлі қызмет түрлерінде көп аспектілі талдауды меңгеру және қолдану нәтижесін айқындайтын, білім мазмұны мен меңгеру деңгейлерінің ара қатынасын анықтайтын көрсеткіш
Білім сапасы – тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың білімі, ептілігі, дағдылардың мазмұнына, көлеміне тұрақты және дамудағы тұтынушылықтарын қанағаттандыратын қабілеттілікті сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі туралы Ереже, Алматы, 2004.
3
Білім сапасы – қоғамның экономикалық дамуына сәйкес жеке тұлғаның әлеуметтік, рухани сұраныстарын қанағаттандыратын, қоғамдағы білім беру үдерісінің жай-күйін және нәтижесін анықтайтын әлеуметтік ұғым
Білім сапасы – өндірілетін өнімнің сапасы, өндірілетін өнімнің тұтыну қасиеттерінің жиынтығы, жеке тұлғаның даму әлеуетін анықтайтын оқушы білімінің сапалық көрсеткіші
Поташник М.М. Управление качеством образования. -М.: Педагогическое общество России, 2006. - 448 с.
5
Білім сапасы – алға қойылған мақсат пен міндеттерге қол жетізу дәрежесі, білім беру мекемесі ұсынған оқыту қызметі барысындағы педагогикалық үдеріске қатысушылардың бала тәрбиесі мен дамуы бойынша күткен нәтижелеріне қанағаттану дәрежесі