Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту құндылығы



бет74/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92
Байланысты:
2 . Лекция тезистері

Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту құндылығы. Оқушылардың танымдылық түрткілерін дамытуда өздерінің артықшылығы мен кемшілігін көре білуге және өздерінің жеке басының құндылығының, даралық сипатын саналы сезінуге тәрбиелеу көзделеді. 
Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны ары қарай өзінің белсенді, зерделі, дарындық іс-әрекетімен сабақтастыра білуі қажет. 
Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі:

  • психологиялық-педагогикалық жұмыстар;

  • күнделікті сабаққа қатысу;

  • пән мұғалімдерімен байланыс жасау;

  • зерттеушілік қабілетін дамыту;

  • интеллектуалдық, танымдық қабілетін арттыратын іс-шаралар жүргізу. 

Денсаулық сақтау құндылығы. Денсаулық сақтауға құнды бағдар дегеніміз – ол адамның әрдайым түрлі жағдайларда өзінің ойлары мен мен іс-әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы. 
Ол құндылықтар: 

  • адамгершілік құндылықтарды сіңіру;

  • зиянды әрекеттерден аулақ болу;

  • дене еңбегімен сақтану;

  • күн тәртібінің болуы;

  • тамақтану тәртібін қадағалау;

  • өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;

  • салауатты өмір салтын ұстану.

Мәдени қалыптарға құндылық. Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық қатынас орнату оқушының өзін-өзі күту мәдениеті, экология мәдениеті, еңбек ету, экономикалық мәдениеті, құқықтық, рухани, адамгершілік арқылы тәрбиелеу жатады. 
Әлеуметтік қатынасқа көзқарас. Адам өміріндегі әлеуметтік қатынасқа құндылық бағдар қалыптастыру – бала тәрбиесі үшін аса маңызды құндылық. Өз ортасын, жолдастарын, ата-анасын, ұстаздарын сыйлау, қоғамдық қатынастар мәдениетін игеру, қоғамдық қызмет түрлерін түсіну, өз құқығын білу, қорғау – осы құндылық арқылы жүзеге асады.
Тәрбиелік қолдануда төмендегідей технологиялар қолданылады:

  • Ұжымдық шығармашылық іс технологиясы.

  • Ойын технологиясы.

  • Құрастыру технологиясы.

  • Жобалау технологиясы.

  • Еркін даму технологиясы.

Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Іс-әрекеттің кез келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер арқылы жеке тұлғаны дамуы мен қалыптасуына ерекше орын алады. Бұл ретте, сынып жетекшісі – пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет