3. Жаңалық, жаңашылдық және жаңалықты ендіру: дамудың ерекшеліктері мен кезеңдері. Ғалымдардың зерттеулері бойынша инновациялық іс-әрекет диагностикасы 3 кезеңде өтеді:
- жаңалықты ендіруге дейінгі кезең: мұғалімнің зерттелетін (ендірілетін жаңалыққа кәсіби дайындық деңгейі);
- инновациялық іс-әрекетті жүргізу уақыты (зерттеу экспериментін қою кезінде мұғалімнің жеке түзетулері);
- жаңалықты ендіруден кейінгі кезең: эксперимент гипотезасы мен алынған нәтижелерді салыстыру.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті 3 кезеңнен өтеді: жаңалық енгізуге дейінгі алғашқы кезең; инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңі; педагогикалық процеске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезең (4-сурет).
Сурет-21. Инновациялық процесс кезеңдері
4. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологиялар (модерация, жобалау және т.б.) Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде мұғалім инновациялық процесті ұйымдастырушы ортаның әсерін бағалап, инновациялық процеске әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды анықтайды.
Жобалау технологиясы негізіне Дьюи, Торндайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеялары алынған:
бала өзі таңдаған іс-әрекетті үлкен қызығушылықпен орындайды;
Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: “Барлығы өмірден барлығы өмір үшін”. К.Фрей өзінің “Жобалау әдісі” деген кітабында жобалау әдісінің 17 айрықша белгілерін атап көрсетеді.
Олардың негізгілері:
Жобаға қатысушылар өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын іліп әкетеді.
Жобаға қатыушылар оқыту түрі туралы бір-бірімен келіседі.
Жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамыта отырып, оны басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді.