әртүрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеруге;
зерттеу бойынша проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау, дамытуға пайдалану;
жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:басты назар-оқушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету;оқыту процесі оқу пәнінің логикасына сай емес, оқушы үшін жеке мәні бар іс-әрекет логикасына сай құрылады, бұл оның оқуға деген ынтасын арттырады;жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді.
Осы жоғарыда аталған педагогикалық талаптар орындалған жағдайда мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті оң нәтиже берері анық. Сондықтан мектептің оқу-тәрбие процесіне инновациялық педагогикалық технологияны ендірудің алғы шарты мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру болып табылады.
Лекция №6. Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде Жоспары: 1. «Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама (тұтастық және бөлінушілік, тұрақты қарым-қатынас болуы, пайда (эмерджентность), синергетикалылық, мультипликативтік).
2. Педагогикалық жүйенің құрамдары. Жалпы белгілері. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты (түлектің мінсіз бейнесі) жүйеқұраушы құрылым ретінде.
3. Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке, байланыс және қарым-қатынасқа бағыттылығы.
4. Әдістемелік жүйе, оның құрылысы, негізгі құрастырушылардың анықтамасы, әдістемелік жүйенің мақсаты. Мәдени білім беру ортасы.
5. Педагогикалық үдеріс, ұйымдастыру формасы, технологиясы және құралдары, әдістері мен білім беру мазмұны