Тактикалық жоспарлау – барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып саналады. өйткені мұың өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап, алуға байланысты.
Индикативті жоспарлау – ұзақ мерзімге құрылған жоспарға өзгерістер немесе жаңалықтар енгізу.
Бизнес-жоспар – жоспарлау жүесіндегі қоғам мақұлдаған әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе, жол. Бизнес-жоспар субъект ұйымдастырып отырған өндірістің қызмет көрсету, т.б. мақсаттары мен оған жету жолдарын баяндау.
Жоспарлау қызметі шаруашылық мазмұнына байланысты ажыратылады: қаржылық; өндірістік; өткізу-сату; нарық сиымдылығын жоспарлау.
Жоспарлау білім беру мекемесінің іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтайды.
Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және мекеме қызметеріне түзету енгізу жатады.
Стратегия (ағылшын тілінен strategy) – таңдап алған критерий негізінде алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін қажет және ресурстарды тиімді үлестіру үшін әрекеттің жалпылама моделі. Стратегиялық менеджмент 5 элементтің (біліктілік) болуын болжайды: ситуация үлгісін жасап шығару (мәселені айқындау); қажетті өзгерістерді айқындау (базалық стратегиялар); әсер етудің түрлі тәсілдерін қолдану (стратегияны ендіру және жүзеге асыру); стратегияға өзгерістер енгізу (өзгерістерді басқару).
ХХІ ғасырда білім беру мекемелеріндегі стратегияларды әзірлеу қажеттігі бірнеше объективті алғышарттармен анықталады:
«артық өндіру» – білім беру қызметтері туралы ұсыныстармен нарықты қанықтыру;
«талап қоюшылық» – білім беру мекемелерін таңдау еркіндігінен және табыстың өсуі салдарынан азаматтардың білім беру сапасына талап деңгейінің өсуі;
инновациялық – білім беру қызметін ұсынудың техникалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің айтарлықтай жақсарғаны (мультимедиа, Интернет, қашықтық білім алу);