динамикалық – тауардың өмірлік циклының қысқаруымен байланысты жаңа білім беру қызметтерін ендіру мерзімін қысқартуға бағдарлану;
диверсификация – білім беру қызметінің деңгейі мен түрлеріне сұраныстың артуы, білім берудегі ілеспелі және қызмет ететін іс-әрекет сферасының дамуы (көлік мектебі, жатақхана, тұрмыстық қызмет көрсету, өндіріс және т.б.);
дифференциация – нарықты ырықтандыру жағдайында халықтың әр түрлі қажеттіліктерінің үдемеленуінен білім беру қызметінің неғұрлым арту шарты;
бәсекесестік – білім беру мекемелерінің нарықтағы өз сегменттері ұшін күрес, оқушылардың понтенциалды контингенті, бәсекелестіктің белсендірілуіне байланысты жарнамалық шығынның өсуі және қызмет көлемінің өсуі;
сұраныстың ауытқуы – білім беру мекемелерінің тұрақты жағдайына қауіп төндіретін білім беру қызметі нарығында сұраныстың өзгерісі (мысалы, кейбір мамандыққа деген сұраныстың күрт төмендеуі);
сұраныстың азаюы – оқушы санының азаюынан білім беру қызметін жасаушылыр үшін елеулі түрде ұсыныстардың азаюы;
люмпенизация – халық жұмыссыздығының толық және ішінара өсуі, табысы төмен деңгейдегі контингенттің өсуі және ақылы түрде білім алуға деген сұраныс;
интервенция – шет елде білім алуға деген шектеудің алынып тасталуымен байланысты ірі шет елдік университетерің халықаралық бәсекелестігі және дәулетті адамдар үшін ақылы сапалы қызметтің жаңа нарығының ашылуы.
Стратегиялық менеджмент теориясында стратегиялық басқарудың 8 жүйе бөлігін көрсетеді:
Стратегиялық менеджмент тарауларынастратегиялық басқаруды құрайтын негізгі теорияларынан тұрады: стратегиялық менеджмент негіздері, стратегиялық жоспарлау және стратегияны жүзеге асыруды басқару. Әр тарау басқару теориясында әлі толық тұрақтанбаған параграфтардан (бөлімдер) тұрады.
Зерттеу әдіснамасы – стратегиялық менеджментте қолданылатын жалпы және арнайы зерттеу әдістерінің жиынтығы: жүйелі анализ, STEP және SWOT талдаулары, мақсатты басқару және т.б.