Стратегиялық басқару кезеңдері – бұл зерттеу процесінің құраушы элементтері ұйымның жағдайын диагностикалық талдаудан басталатын стратегияны құру және жүзеге асыру, макрожүйе бойынша стратегиялық жоспар бөлімдерін құру және ұйымдағы өзгерістерді басқарумен аяқталады.
Ұйымның макрожүйе бөлігі – басқарудың өзара байланысты бірнеше функциясын біріктіретін ұйымның ірі құрамдас бөлігі.
Ұйымның өмірлік цикл кезеңдері ұйым дамуының негізгі кезеңдерін бейнелейді: пайда болуы, өсуі, жетілуі, төмендеуі. Бұл кезеңдердің бөлінуін білім беру қызметінің (тауар) өмірлік циклінің кезеңдерімен шатыстыруға болмайды.
Даму стратегияларының түрлері – жуырдағы келешекке деген ұйым мінез-құлқын жалпылайтын модель түрлері (эталонды, функционалды, салалы т.б.)
Керекті өзгерістерді айқындау біліктілігі (мақсатты тұжырымдау) басшылықтың білім беру мекемесін басқаруда дамудың бағыты мен миссиясы туралы стратегиялық мақсатқа қайта қараудан тұрады, бұл ұйымның прогресін қамтамасыз етеді.
Егер басшы белгілеген міндеттер ұзақ мерзімді мақсатқа жетуді көздесе тамаша болады. Ұзақ мерзімді мақсат басшылыққа оқу орны ұзақ уақыт бойы жақсы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жағдайды көрсетеді. Қысқа мерзімді мақсат тікелей жетілдіруді анықтайды және басшылықтың таяуда ала алатын нәтижелерін анықтайды.
Өзгеруші стратегияларды жасап шығару біліктілігі(базалық стратегиялар) басты басқару мәселесін шешуді болжайды: ұйымның жағдайын ескере отырып, қажетті нәтижеге қалай жетуді және оның келешегін шешу. Мақсат – бұл нәтиже, ал стратегия оған жету әдісі. Стратегия – бұл стратегиялық және қаржылық мақсатқа жету үшін басшыларға қажет әрекеттер. Қайта жасау міндетін шешу оқу орнының ішкі және сыртқы жағдайына диагноз қоюдан басталады.
Әсер етудің түрлі әдістерін қолдану біліктілігі(стратегияны ендіру және жүзеге асыру) жоспарланған уақытта стратегияны енгізу және қажетті нәтижелерді алудан тұрады. Стратегияны ендіру және дұрыс жүзеге асыру үшін, жақсы нәтиже алу үшін жоғары біліктілік қажет.