Стратегияға түзету енгізі біліктілігі. Өзгерістерді басқару жаңа жағдайлардың пайда болуымен және түзету әрекеттерін талап етуімен шартталған. Критерийлер жиналған тәжірибеге және болашақтағы мақсаттарға сәйкес жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Дамудың ұзақ мерзімді бағытына түзетулер енгізілуінен, жаңа мақсаттың пайда болуынан және сыртқы орта жағдайларының өзгерісінен стратегия өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Стратегиялық басқару кезеңдері. Қазіргі заманғы менеджмент және жүйелі бағыт ірі макрожүйе бойынша білім беру мекемелерін басқару жүйесін декомпозициялауға және іс-әрекет бағыты бойынша стратегияны жобалауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Менеджменттің классикалық теориясында стратегиялық басқарудың негізгі 3 кезеңі ажыратылады:
диагностикалық талдау;
Кез келген басқару процесі төмендегідей функцияларды қамтиды: жоспарлау; ұйымдастыру; мотивация; бақылау; координация.
Білім беру аймағында ТQМ функцияларының ара-қатынасы 20-суретт көрсетілді.
Жоспарлау – мекеме қызметінің жоспарларын жасап, оның құрамды бөліктерін анықтауға қатысты басқару іс-әрекетінің функциясы. Жоспар мақсатқа жету үшін орындалуы қажет іс-әрекеттің түрін, формасын, тізбесін, оған кететін уақытты, ресурстарды анықтайды.
Жоспарлау құрамына кіретіндер:
мақсат пен міндеттерді анықтау;
мақсатқа жету үшін стратегия жасау, жоспар құрып, бағдарлама әзірлеу;