Лекция №1 Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері Лекция жоспары


Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар



бет16/27
Дата22.09.2023
өлшемі103,44 Kb.
#109692
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
3.Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар.

Қазіргі заманда кез келген сабаққа қойылатын талаптар бар болғандықтан, сабақты сол талаптарға сай жүргізу керек:


1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс;
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет;
3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай түсінікті болуы керек;
4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе екенін назарда ұстау керек;
5. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет;
6. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек;
7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек;
8. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс;
9. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет;
10. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с.) ескеріп отыру шарт.
Сабақ типтері мен құрылымына келетін болсақсабақтың типологиясы – сабақты әр түрлі негізде топтастыра отырып, қазіргі зерттеулердің көпшілігі авторлық шешімін ұсынған басты күрделі дидактикалық міндеттердің бірі болып табылады.
С.В.Иванов, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Н Казанцев, В.А.Онищук, Г.И.Щукиналар басты дидактикалық мақсатпен тәуелді болатын сабақтардың практикалық ұқсас түрлерін шығарған:
1. Кіріспе сабақтар.
2. Оқулық материалымен алғашқы танысу сабақтары.
3. Заң мен ережені танытудың, түсініктердің пайда болдыру сабақтары.
4. Практикада алған білімдерін қолдану сабақтары.
5. Дағдылану сабақтары.
6. Қайталау және талдау, қорыту сабақтары.
7. Бақылау сабақтары.
8. Аралас және құрастырылған сабақтар.
Сабақ түрлерін топтастыру принциптері әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.
И.Н.Казанцев бойынша:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет