Лекция №1 Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері Лекция жоспары



бет24/27
Дата22.09.2023
өлшемі103,44 Kb.
#109692
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
лекциялар жинағы 2022-23

Дамудың жақын арадағы аймағы — оқушы тапсырманы өз бетінше орындай алмаса да, кішігірім көмек арқылы орындаумен сипатталады.
Күнделікті мектеп тәжірибесінде бұл түсінік оқушының тапсырманы біреудің көмегінсіз, қолдауынсыз оңай орындау қабілеті мен оқушының нақты кезеңде аса епті, білетін адамның көмегінсіз орындай алмайтын тапсырма арасындағы интервал деген қарапайым атауға ие бола алады. Осы мағынада ЖАДА оқушылардың оқуын және қарым-қатынасын қолдау үшін қажетті көмек деңгейін анықтауда білім мән мәтінінде құнды тұжырымдамалық құрылымды қамтамасыз етеді.
ЖАДА – бала тапсырмаларды білікті және өз бетінше орындай алатын «өзі реттейтін әрекеттер» аумағына қарама-қарсы қойылады. ЖАДА-да ересек адам өзара қарым-қатынас барысында тапсырманы алдыңғы білімдер және тәжірибемен байланыстыра отырып және қызметті жүзеге асыруда баланың мақсатты түрде қатысуына мүмкіндік бере отырып басшылық жасайды.
Көпіршелер.
ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін оқушыға ұсынылатын интерактивті мүмкіндіктерді америкалық педагог-психолог Жером Брунер «Көпіршелер тұрғызу» деп атаған.
«Көпіршелер тұрғызу» ұғымының метафоралық түрде қолданылуы астарында жетекшінің оқушыларды біртіндеп тапсырманы орындауды аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, үнемі ұлғайып артып отыратын қолдауы деген түсінік жатыр. Жетекшінің оқушы жетістігіне деген реакциясы да қолдау ретінде қарастырылады.
Көпіршелер — тапсырманы орындауда оң нәтижеге жетуі үшін оқушыға көмек ретінде берілетін интерактивті мүмкіндіктер жиынтығы.


Түйін.
ЖАДА-да жұмыс баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны өздігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала психологиясында білуге, өз мүмкіндігіне жол ашуға, келе-келе дарындылыққа ұмтылу дағдылары қалыптасады.
ЖАДА-да көмек алып нәтижеге жеткен балада жаңа бір мүмкіндік әлемі ашылады. Мұны сезінген бала психологиясы даму аймағына мақсатты түрде бойлай береді. Өйткені, ол өзі алғашқы қадамнан-ақ білім шыңын бағындырмаса да, ЖАДА арқылы алынбас асу қалмайтынын түсінеді. Ал оның нәтижеге жетуіне көмектесетін көпіршелер мұғалім тарапынан зор жауапкершілікпен, шебер дәлдікпен ұсынылуы керек. Бала мұғалім ұсынған көпіршелерден көздегеніне жететін баспалдақ тұрғызып алады. Әрбір көпірше баланың біліміне білім қосуға, биікке жетелей түсуге құрылуы қажет.Менің педагог ретіндегі ЖАДА-ны қолданудағы басты ұстанымым – осы.
Бақылау әдістері. Қара жәшік әдісі. Блэек пен Уильям зерттеулері
Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.
Оқыту үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:
• Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық оқушылардың оқуына көмектесу мақсатына бағындыру болып табылады.
• Бағалау мұғалімдер және оқушылар өзін-өзі және өзара бағалау үшін кері байланыс ретінде пайдаланатын ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады.
Блэк пен Уильямның түпнұсқалық зерттеулерінде сыныптың «қара жәшік»сияқты техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы оқыту үшін бағалауды қолдану «қара жәшік ішіндегі жұмыс» ретінде белгілі болды (10-сурет). Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалау Реформасы Тобымен бірлескен зерттеулері бағалау арқылы оқытуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс алдамшы қарапайым бес түйінді фактормен байланысты екендігін көрсетті:
o Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
o Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.
o Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
o Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
o Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет