Лекция 1 Тақырыбы : Химиялық кинетика пәні, химиялық реакция жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет4/82
Дата05.03.2023
өлшемі1,89 Mb.
#71609
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
downloadPdfUmkd

 
Химиялық реакцияның жылдамдығы 
Химиялық кинетиканың ең маңызды сандық сипаттамаларының бірі – 
реакцияның жылдамдығы. 
Химиялық реакцияның жылдамдығы деп реакцияға түсетін немесе 
реакциядан түзіліп шығатын заттардың мөлшерінің уақыт бірлігіне және 
реакция кеңістігінің бірлігіне келетін өзгерісін айтады: 
мұнда 
- реакция жылдамдығы; - заттың моль саны; - реакциялық 
кеңістік; 
- уақыт. 


 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу – әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15. ПОӘК. Бесінші басылым 
Заттың уақыт бірлігінде (1 сек, 1 мин, т.с.с.) реакцияға түскен мөлшері (

реакциялық кеңістіктің шамасына яғни реакция көлеміне (гомогенді жүйеде) 
немесе фазалардың жанасу беттерінің ауданына (гетерогенді жүйеде) 
пропорционал болады. 
Реакция кеңістігіндегі өзгеріс (
) реакция жүруімен (жабық жүйе) немесе 
қоршаған ортамен алмасуымен (ашық жүйе) байланысты болады. Химиялық 
реакция өтуімен байланысты жабық жүйеде жүретін процестің жылдамдығын 
қарастырайық. Гомогенді реакцияның жылдамдығы мына теңдеумен өрнектеледі: 

мұнда 
- реакция кеңістігінің көлемі. 
Егер жүйенің көлемі тұрақты болса (тұйық жүйе), онда 
, себебі 

Егер реакция көлемі өзгермелі болса (ағындағы реакция), онда 

Химиялық реакцияның жылдамдық теңдеуінің түрі реакция теңдеуінің түріне 
байланысты. Мысалы, реакция теңдеуі 
деп жазылды 
дейік, мұнда 
- стехиометриялық коэффициенттер. Әр реагенттің 
мөлшерінің өзгерісі стехиометриялық қатынас бойынша басқаларының 
мөлшерінің өзгерісімен байланысты. Бұл жағдайда жылдамдықты бастапқы 
немесе соңғы заттардың кез-келгенінің концентрация өзгерісі бойынша анықтауға 
болады: 
реакциясын қарастырайық. 
Бұл реакцияның жылдамдығын кез-келген реагент арқылы былайша 
өрнектеуге болады: 
 
Химиялық кинетиканы әрі қарай қарастыруда тек изотермиялық (
және изохоралық ( жағдайлардағы мәліметтер келтіріледі. 
Практикада химиялық реакцияның жылдамдығы не бастапқы не соңғы 
заттардың концентрациясының уақытқа байланысты өзгерісімен анықталады. Бұл 
өзгерістің қисығы кинетикалық қисық деп аталады. 
реакциясы берілді дейік, бұл реакцияның кинетикалық қисықтары 
2-суретте көрсетілген. 
Реакция барысында бастапқы заттың концентрациясы азаятындықтан оның 
кинетикалық қисығы төмен түсетін сызықпен, ал реакция өнімінің 
концентрациясы көбейетіндіктен, оның кинетикалық қисығы жоғарылайтын 
сызықпен сипатталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет