Лекция 1 Тақырыбы : Химиялық кинетика пәні, химиялық реакция жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет57/82
Дата05.03.2023
өлшемі1,89 Mb.
#71609
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу – әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15. ПОӘК. Бесінші басылым 
және
катион мен анионның активтілік коэффициенттері, + және - - 
катион мен анионның молялдық концентрациясы. 
Тұтас электролит үшін: 

(9) 
мұнда 
- электролиттің орташа иондық активтілік коэффициенті; 

электролит ерітіндісінің орташа иондық молялдық концентрациясы. 
Дебай - Хюккельдің күшті электролиттер теориясы 
1 2 ж. Дебай және Хюккель (физиктер) күшті электролиттердің 
электростатикалық теориясын ұсынды. Аррениус теориясында иондар ерітіндіде 
ретсіз қозғалыста болатын идеал газ молекулалары сияқты делінген. Индия 
ғалымы Гхоштың теориясы бойынша, иондар ерітіндіде кристалл торында 
орналасқаны сияқты ретті, бірақ бір - бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан. 
Гхоштын идеясын Дебай мен Хюккель ары қарай жалғастырып, ерітіндіде әр ион 
өзіне қарсы зарядталған иондармен қоршалып орналасқан деп қарастырады. 
Қоршалған ионды орталық ион, ал оған тартылып айнала қоршап тұрған 
иондарды иондық атмосфера деп атайды, иондық атмосфераның формасы сфера 
тәрізді. 
Дебай-Хюккель теориясының негізгі қағидаларын қарастырайық. 
1.Дебай - Хюккель теориясында электролит толығымен диссоциацияланған 
(
=1) деп қарастырылады (сондықтан бұл теория күшті электролиттерге ғана 
қолданылады). 
2.Иондар ерітіндіде иондық атмосфера түзеді, олардың таралуы Больцман 
заңына бағынады және иондар арасында тек электростатикалық күштер әсер 
етеді. 
3.Иондық атмосферада иондардың заряды үздіксіз және оған Пуассон теңдеуі 
қолданылады, бұл теңдеу ионның заряд тығыздығы (
) мен оның потенциалының 
(
) байланысын көрсетеді. 
4.Еріткіштің ерітіндідегі ионға жақын жердегі диэлектрлік тұрақтысы (
оның ерітінді көлеміндегі диэлектрлік тұрақтысымен (
) бірдей. 
5.Ион материалдық нүкте, ол тек зарядымен ғана сипатталады. 
Иондық атмосфера сфера тәрізді (сурет), ондағы әр ион орталық ион бола 
алады, заряды Zе. Орталық ионды оған қарсы зарядталған иондар қоршап тұрады. 
Иондық атмосфераның иондық радиусы 
- мұнда 
- иондық атмосфераның 
қалындығы. Иондык атмосфераның электростатикалық потенциалы 
тең: 

Иондық атмосфера заряд тығыздығы 
- ға тең электр бұлты тәрізді, оның 
заряд тығыздығы орталық ионнан қашықтаған сайын азайып отырады. 
Дебай-Хюккель теориясының басты шарты бойынша, электролиттердің 
қасиеті тек электростатикалық әрекеттесу күштерімен анықталады (химиялық 
күштер ескерілмейді, сондықтан бұл теория электростатикалық теория деп 
аталады). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет