Лекция 1 Тақырыбы: Басқару психологиясы туралы түсінік. Сабақ жоспары: Басқару туралы білімнің тарихи деректері


Басқару психологиясын адами тұрғыдан қарастыру



бет8/32
Дата20.10.2022
өлшемі173,67 Kb.
#44404
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
3. Басқару психологиясын адами тұрғыдан қарастыру.
Адам тұрғыдан қарастыру ол әлеуметтік сапаларға ие тұлғаны білдіреді. Әрбір менеджердің өз мінезі бар - өз-өзінұстау тәртіптерінің жиынтығы.
Менеджмент бойынша капиталдық еңбек менеджер тұлғасынан табылатын сапа мен мінездік сипатының тізбелерін қамтиды. Мысалы, Ф.Тейлор мінсіз менеджерді ақылды, білімді, техниканы жете меңгерген, күш-жігерлі, сыпайы, батыл, адал, оң мен солын, яғни жақсы мен жаманды айыра алатын адам ретінде сипаттайды. Бағыныштыларды, яғни қол астындағыларды басқарғанда «адами тәсілдемеге» ие болуы керек. Менеджер жемісті еңбек етуі үшін мыналарды естен шығармайды: жұмыскерлер оған емес, ол - жұмыскерлер үшін қызмет етуі керек. Жүйе тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін ол екі жаққа да пайдалы болуы керек (Питер Э. Лэнд).
Өз кәсіпорны үшін жаңа нарықты таба алатын әрі нарықтағы өзгерістерге бәсең (әлсіз) жауап беріп қана қоймай, нарықты өзгертуге ықпалы бар маман, білікті менеджер болып саналады.
Менеджердің жұмыс тиімділігі қол жеткен нәтижелер мен кәсіпорын шығындарының арақатынасымен өлшенеді. Мұндай ұйымдағы менеджменттің мақсаты - аз шығынмен мол нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Тиімді басшылық пен басқаруды мұны қалай істеуді білетін адам емес (бұл өте маңызды болса да), мұны істей алатын адам ғана жүзеге асыра алады! (Питер Э. Лэнд).
Басшылық ісінде жетістікке жету үшін менеджердің үш ептілігі (амалы) болуы керек: біріншісі - нақтылығы, мұның мағынасы былай: ол нақты пәндермен (құралдармен, саймандармен, өндіріспен және т.б.) жұмыс істей алуы керек; екіншісі - тұжырымдамалығы, яғни тұжырымдамалық ептілігі (тұжырым ойлай алатын қабілеті); үшіншісі - адами - ең басты ептілігі.
Танымал менеджер Ли Якокка менеджердің рөліне қатысты маңызды қорытынды шығарған болатын: «Барлық шаруашылық операцияларын түпкі түйінінде үш ауыз сөзбен айтуға болады: адамдар, өнім, пайда. Адамдар алдыңғы кезекке шығады. Егер сіздің сенімді командаңыз (жасағыңыз) болмаса, онда басқа факторларда көп нәрсе тындыра алмайсың».
Әлбетте менеджер ол команданың өзінше жаттықтырушысы оның міндетті команданы жасақтап олардың өзара әрекетін қамтамасыз ету.
Ф.Энгельс былай жазды: «тарихи емес, нақты тірі адам міне осының бәрін істеген, бәріне ие және бәріне араласады»
Жетістік формуласы: дайын болу, ниеттену, істей білу, орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет