Лекция 1 Тақырыбы: Басқару психологиясы туралы түсінік. Сабақ жоспары: Басқару туралы білімнің тарихи деректері



бет2/32
Дата20.10.2022
өлшемі173,67 Kb.
#44404
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
БП лекциялар жинағы

Қысқаша теориялық мәлімет.
1. Басқару туралы білімнің тарихи деректері
Басқару туралы идеяның тамыры тереңде жатыр. Клод Ст. кіші-Джорждың басқару саласының американдық теоретигі «Басқару ойларының тарихы» атты кітабындағы «Басқару континуумы» тарауында біздің дәуірге дейінгі 5000ж. бастап менеджменттің дамуы. Ол туралы бірқатар мәліметтер төмендегідей:



Жылдары

Жеке тұлға немесе этникалық топ

Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері

Біздің дәуірге дейінгі 5000ж.

Шумерлер

Жазу:фактілерді тіркеу

4000

Мысырлықтар

Жоспарлаудың ұйымдастырудың және бақылаудың керек екендігін мойындайды

2600

Мысырлықтар

Басқаруды орталықсыздандыру

1100

Қытайлар

Ұйымдастырудың, жоспарлаудың , басшылықтың және бақылаудың қажеттілігін мойындайды

400

Сократ

Менеджмент әмбебаптығының (универсальности менеджмента) принциптерін қалыптастырады

900

Әл- Фараби

Басшылыққа талап қояды

1832

Чарльз Баббедж

Ғылыми тәсілдемеге ерекше мән береді; мамандандырудың айрықша маңыздылығын мойындайды; еңбекті бөлу; еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеу; өзіндік құндарды есеп

Менеджмент теориясының одан әрі дамуы ғылыми менеджмент жасалған ХХ ғасырдың басында жалғасын тапты. Дамудың бұл кезеңінде көптеген ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл бағыттардың көрнекті өкілдері: Фредерик У.Тейлор, Анри Файоль, Мэри Р.Фоллет, Макс Вебер, Норберт Винер, Игорь Ансофф, Майл Портер және т.б.


«Классикалық» «ғылыми менеджерлеу мектебі» кез келген ұйымды басқаруға жарайтын басқару принциптерін әзірлеуге ұмтылды.
Бұл мектеп ең алдымен Ф.Тейлордың есімімен байланыстырылып аталады. ХХ ғ. басында оның негізгі теориялық ережелері «Управление фабрикой» 1903 ж. «Принципы научного управления» 1911ж.еңбектерінде баяндалған.
Ол еңбек өнімділігін арттыру қожайынға да, жұмысшыға да мол өнім әкеледі деп ұйғарған. Бұл үшін оның да, басқалардың санасын ояту, яғни олардың психикаларына төңкеріс жасау қажет.
Фредерик Уинслоу Тейлор көрнекті өнертапқыш, ол өз өмірінде 100-ден аса патент алған. Ол басқару ғылымының негізін қалаушы ретінде аталады. Оның құлпытасында былай деп жазылған; «Менеджмент ғылымының атасы».
Ф.Тейлор тұжырымдамасының негізгі ережелерін былайша бөліп көрсетуге болады:
- тәжірибеде қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын ғылыми фундаментті жасау, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
- ғылыми критерийлердің негізінде жұмысшыларды іріктеп, оларды жаттықтыру және үйрету;
- еңбекті ұйымдастырудың ғылыми тұрғыдан әзірленген жүйесін іс жүзінде енгізуде әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастықтығы;
- әкімшілік пен жұмысшыларға жауапкершілікті және еңбекті тең бөліп беру.
Ф. Тейлор әрбір операцияны элементарлы құрамдық бөліктерге бөлшектеудің және жұмсалған уақытты есептеудің көмегімен жұмыстың әлдеқайда озық тәсілдерін анықтаудың мүмкіндіктеріне сенді.
Ф.Тейлор еңбекақы жүйесінің елеулі түрде қайта құрылуына ықпал етті. Ол белгіленген нормалардың орындалуына қарай қатаң дараланған әрі сараланған түрде болды.
Ф.Тейлор еңбекақы жүйесінің елеулі түрде қайта құрылуына ықпал етті. Ол белгіленген нормалардың орындалуына қарай қатаң дараланған әрі сараланған түрде болды. Ф.Тейлор шұғылданған жекелеген жұмысшының еңбегін оңтайландыру мәселелерімен қатар еңбекті ұйымдастырудың әлдеқайда жалпы принциптерін әзірлеу қолға алынды. «Классикалық» мектепке зерттеудің осы бағытының негізін Анри Файоль (1841-1925 ж.ж.) қалады.
Ол өзінің «Общая и промышленная администрация» атты негізгі еңбегінде әкімшілік қызметін талдаудың жалпы тәсілдемесін жасауға талпынды.
Оның пікірі бойынша, әкімшілік өзіне мына функцияларды қамту арқылы әлдеқайда кең ауқымдағы қызметті білдіретін басқару ісінің бір бөлігін құрамақ:
- Өндірістік;
- Коммерциялық;
- Қаржылық;
- Кредиттік;
- Есептік- бухгалтерлік;
- Әкімшілік. А.Файоль кез келген әкімшілік қызметте, оның пікірі бойынша қолдануға жарайтын принциптерді әзірледі. Оған жататындар: еңбекті бөлу, билік, тәртіп, біртұтас басшылық, сыйақы, теңдік, бастама, корпоративтік рух. Ол, сонымен қатар, маңызды принциптерді бөліп көрсетті: басшылық пен бұйрықтың (әміршілдіктің) біртұтастығы.
Басқарудың «классикалық мектебі» одан әрі екі негізгі бағытта дамыды - өндірісті оңтайландыру, басқарудың жалпы мәселелерін зерттеу.
Бұл арада Г.Эмерсонның, Л.Урвиктің, М.Вебердің және Г.Фордтың еңбектерін бөліп айтуға болады. Г.Эмерсон «Двенадцать принципов производительности труда» еңбегінде кәсіпорынды басқарудың мына принциптерін қарастырып, қалыптастырды:
- әрбір басшы мен оның әр түрлі деңгейдегі бағыныштылары қол жеткізуге ұмтылатын нақты белгіленген мақсаттар;
- алдағы кезеңнің мақсаттарын қоса ескеретін әрбір жаңа процесті талдаудың мағынасын айқын тәсілдемесі;
- білікті кеңес (кеңес беру) - арнайы білімдердің қажеттілігі. Шынайы білікті кеңес тек алқалылық (коллегиальный) қана бола алады;
- тәртіп (дисциплина);
- қызметкерге дұрыс қарым-қатынас жасау;
- жылдам, сенімді, дәл және тұрақты есебі;
- диспетчерлеу- оперативтік басқару;
- нормалар және кесте;
- жақсы нәтижелер арқылы қол жететін жағдайларды нормалау;
- орындалу тізбегін (ретін) белгілеу үшін операцияларды нормалау;
- жұмысты орындаудың барлық ережелерін дәл бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;
- әрбір қызметкерді көтермелеуге бағытталған өнімділік үшін сыйақы.
Өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың күрделі міндеттерін шешу үшін қажет болатын кешенді тәсілдеменің мақсатқа лайықты болатынын әрі оның қажеттілігін алғаш рет Г.Эмерсон айтты. Оңтайландыруды тиімділік тұрғысынан қарастыру тән. Тиімділік дегенде, шығындар мен нәтижелер арақатынасындағы ең көп шамадағы пайданы ұғуға болады. Бұл тұжырымдамаға артынан Василий Леонтьев - «шығын – шығарылым» үлгісін жасаған Американың атақты экономисі де қосылды.
Л.Урвик басты назарын формалды тұрғыдан ұйымдастыруды құратын принициптерді әзірлеуге аударды. Онысы бүгігі таңда да өзінің көкейтестілігін жоғалтқан жоқ. Құрылымдағы адамдардың сәйкестігі, арнайы штабтың құрылуы, құқық пен жауапкершіліктің салыстырмалылығы, бақылау диапазоны, мамандандыру, нақтылық және т.б. Бұлар оның тұжырымдамасының негізгі ережелері.
Осы мектептің өкілі, неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер (1864-1920ж.ж.)- ұйымдағы биліктің құрылымы мен лидерлік мәселелерге жете назар аударды. Ол «бюрократия» терминінің авторы.
«Форд моторс» компаниясының негізін қалаған америкалық кәсіпкер Генри Форд (1863-1947 ж.ж.) «Мои достижения, моя жизнь» еңбегінде өз өндірісінің негізгі принциптерін қалыптастырды:
- Іскерлікте әкімшілік аз болсын, әкімшілікте іскерлік мол болсын.
- Дайын өнімдерді алып-сату нақты іспен үш қайнаса сорпасы қосылмайды, ол «заң жолымен жобаға келмейтін ұрлықтың әдетті түрі» ретінде болады.
- Барлық адам тең деп санайтын қағидадан артық адамзатқа зиянды әрі ақылға сыймайтын ұғымға жоқ шығар, сірә.
- Біреудің ісіне қол сұғу-қылмыс, өйткені ол басқа бір адамның үстіне арам жолмен пайда табумен бірдей әрі қара күштің үстемдігін орнатады.
- Көптің пайдасына арналған жұмысты қарақан басының қамынан жоғары қой. Пайдасы болмас ешқандай іс алға баспайды. Пайда табуда ешқандай жаманшылық жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет