Лекция 1 Тақырыбы: Басқару психологиясы туралы түсінік. Сабақ жоспары: Басқару туралы білімнің тарихи деректері


Жан, психика, іс-әрекет, сана, лидерлік т.б. теорияларындағы психологиялық менеджмент



бет4/32
Дата20.10.2022
өлшемі173,67 Kb.
#44404
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
3. Жан, психика, іс-әрекет, сана, лидерлік т.б. теорияларындағы психологиялық менеджмент
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүниеге заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі – бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің иесі де, себепшісі де.
Психика және сана материяның ең жоғары түрде дамыған жемесі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білу сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, ал ойнаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен оқиғаның нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен оқиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамыз әсер етіп, білім қорымыз бен жетілдіреді. Сана адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі ал әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады.
Адам психикасының ерекшеліктері біздің санамызда тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстарды, әр алуан нәрселерді түйсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді. Сана – психика дамуының ең жоғары сатысы. Ол тек ақыл иесі- адамждарға ғана тән қасиет.
Іс-әрекет ұғымы қандай да жұмысты орындау үшін жасаған қимыл- қозғалыстар. Іс- әрекет барысында адамның жан-жақты және біртұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады, қарым-қатынасы қалыптасады.
Лидердің міндетті ісі мен менеджердің міндетті ісі бірдей емес. Көбінесе менеджерліктің міндетті ісі ретінде бизнестің материалдық қосалқы жүйесінің қызметі. Лидерлік функция екі қосылмалы кәсіби-технократиялықтан және эмоциональды- тұлғадан тұрады.
Нарық жағдайында жеке және мемлекеттік кәсіпорындағы экономикалық қызметтегі адамдардың мақсаты бізге белгілі, ол табыс. Және сонымен қатар маңызы болып сол табысты дұрыс пайдалану болып табылады. Жаңа басқару жүйесі бірінші болып батыста, ең бірінші АҚШ- та менеджмент атауын алып дүниежүзілік саясатта кеңінен қолданыла бастады.
Менеджмент таза прагматикалық түсінікте ол - алға қойған мақсатқа жету үшін еңбекті, интелекті, басқа адамдардың іс-әрекетін пайдалану.
Менеджмент – қызметтің, ол әртүрлі жағдайда кәсіпорынды дұрыс басқару, ол америкалықтардың айтуынша ұйым деген мағынаға алып келеді. Сонымен қатар менеджмент бұл функцияны орындау үшін білімді қажет етеді.
Менеджменттің көрнекті теоретигі М.П. Фоллет «... өнерді адамдар арқылы алуға болатынын анықтады». Оның менеджментке деген көзқарасы мына принциптен туған, адамға жүрген ортасы әсер етеді.
В.В.Леонтьев «менеджмент – ол фирманы, компанияны басқару үшін керекті әдістер, принциптер, қаражаттар іс-әрекеттердің жиынтығы» деп есептейді. В.Хойер: «менеджмент- ол жекеменшік кәсіпорынды арнайы басқару», - деп жазады.
Батыс экономикасында менеджмент нақты шарт пен мақсат арқылы орындалады. Менеджмент (басқару) - әр адамзат қоғамында жоғары сатыға дамудың ең қажетті бірқалыпты түрі. Еңбекті бөлу, кәсіпорынның әртүрлі сферасын құру барлық ұйымда қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет