Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет19/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

Пәнаралық байланыстар: философия, әлеуметтану, психология, физиология, тарих, педагогика, этнопедагогика, әдебиет, өнер, математика, кибернетика т.б.
Лекция мазмұны:
1. Сөзжасамдық тәсілдер туралы
Профессор С.Исаев сөз тудыру тәсілдері жөнінде. Қазақ тіл біліміндегі сөзжасам мәселесінде проф. С.Исаевтың сіңірген еңбегін айырықша атауға болады. Өйткені, ғалым қазақ тіліндегі сөзжасам мәселесін алғашқылардың бірі болып, әрі жаңаша, әрі терең тексеріп, қарастырды. Сөйтіп, оны 1998 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» (Алматы, 1998) атты жоғары оқу орындарының білімгерлеріне арналған оқу құралына «Сөзжасам» деген атпен арнайы тарау етіп қосты. Ол бүгінгі күнге дейін студенттердің қолынан түспейтін оқу құралына айналып келеді.
Ғалым еңбегінде сөзжасам мәселесін жан-жақты сөз ете келіп, сөзжасам (сөздердің жасалыну) тәсілдеріне айырықша тоқталады. Әсіресе, мұнда сөзжасамның семантикалық тәсілін арнайы сөз етеді. Мәселен, қазақ тіл білімінде сөзжасамның бірнеше тәсілдері бар. Бірақ сөзжасам процесiнде жаңа туынды қандай тәсiлмен жасалса да, семантикалық сипат, семантикалық процесс – жаңа мағынаның тууы мiндеттi түрде болып отыратындығын айтады. Олай болмағанда, сөзжасам процесi де болмас едi. Өйткенi, сөзжасамның мәнi - тiлдiк деңгейдiң бiр түрi және соның нәтижесiнде тiл бiлiмiнiң бiр саласы ретiнде, әрi тiлдiк процесi ретiнде сөздiң лексикалық мағынасын өзгертiп, жаңа лексикалық (сөзжасам) мағыналы сөз тудыру, белгiлi бiр ұғымның, жаңа ұғымның тiлдiк атауын жасау болып табылады,- дейді. Сондықтан да, ғалымның атап көрсетуінше, сөзжасамның синтетикалық (морфологиялық), аналитикалық (синтаксистiк), лексикалық (семантикалық) түрлерiн бөлек-бөлек алып қарау бiр жағынан шартты да. Өйткенi, сөзжасам тәсiлдерінiң қай түрiнде болмасын семантикалық процесс болып отырады. Бұл – бiр. Екiншiден, кейде белгiлi бiр сөзжасам процесiнде, шынында да, бiр емес бiрнеше сөзжасам тәсiлдерiнiң қатысы болуы мүмкiн. Әрине, ондайда басты роль қай тәсiлге жатады, соған қарап анықталады да, ал басқа тәсiлдiң не тәсiлдердiң қатысу дәрежесi көрсетiледi. Үшiншiден, семантикалық тәсiлдiң жеке сөзжасам тәсiлiнiң бiрi болып бөлiнуi жаңа туындының жасалуында семантикалық процестен басқа ешбiр амал-тәсiлдiң болмауы, қатысының жоқ болып келуiмен байланысты. Мысалы, тон (қой терiсiнен илеп тiгiлген сырт киiм, кейiн аң терiсiнен тiгiлген киiм, орыс тiлiндегi шуба, полушубка дегеннiң мәнiнде), айдар (баспасөзде, телерадио хабарларда рубрика мәнiнде), таспа (магнитофон лентасы), қол (әскер), тамаша (ойын-сауық кешi) т.б.
Жаңа сөздерде (бұл сөздердiң жаңалығы бүгiнгi күн тұрғысынан ғана өлшенбейдi, әрқайсысы әр кезеңде жасалған сөздер) сөзжасамның синтетикалық та, аналитикалық та, лексикалық та тәсiлдерi қатыспайды. Бұлардың iшiнде әуел баста шеттен, басқа тiлден енген (айдар, кеш, тамаша – араб -иран тiлдерiнен ауысқан), сөйтiп лексикалық тәсiлмен туған сөздер де, қосымша арқылы (мысалы, тас-па, синтетикалық тәсiлмен) жасалған сөздер де, бiрге, қосарланып, тiркесiп жасалынған (мысалы, тоқсан-тоғыз-он, демалыс дем-ал-лыс) аналитикалық, тiптi дем-ал-ыс аналитикалық-синтетикалық тәсiлмен жасалған сөздер де бар. Бiрақ бұлардағы алғашқы сөзжасам тәсiлдерi - әскери бас киiмнiң үстiне қосымша үстелу арқылы ерекшелiктi көрсету үшiн жасалатын бөлiгi; одан баланың шашын алғанда, көз тимес үшiн маңдай шашын, я төбе шашын алмай қалдырған тұлым, шоқ шашы мәнiндегi айдар. Ал тонның әуелдегi мағынасы жалпы сырт киiм, бағалы киiм, жағалы киiм. М.Қашқари сөздiгiнде де сол мағынада берiлген, сондықтан бiреуге сый бергенде, қомсынбасын, кемсiнбесiн деп, «орамал тон болмаса да жол болсын» деп, немесе «жол болады» деген мәтел айтылады. Тамаша – өте жақсы, әдемi, керемет; кеш – күндiз бен түннiң арасындағы мезгiл мағыналары лексикалық тәсiл арқылы жасалған. Сондықтан да бұл сөздер осы мағыналарында мына сияқты қолданыстарда жұмсалып келедi: айдарынан жел есiп, айдарынан ұстатпайды, айдары жараспайды, Тұлымдысын тұл қылды, Айдарлысын құл қылды («Қобыланды батыр»). «Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi» осы мағыналарды, яғни 1.Төбеге қойылатын бiр шоқ шаш және 2.Құстың төбесiне бiр шоқ мамық, не жұмсақ қызыл ет, сапар деп бередi т.б.
С.Исаев: «Тегiнде сөзжасам процесiн талдап, сөзжасам тәсiлдерiн, үлгiлерiн айқындап, сөзжасам мағынасын көрсетуге семантикалық қатар, семантикалық поле және сема, семема теориясын батыл пайдаланып, сол негiзде жiктеген дұрыс болар, сонда ғана сөздiң әуелгi лексикалық мағынасы мен кейiн қосылған мағыналары – көпмағыналық мәселесi, олардың жеке өмiр сүре алуы, сөзжасамдық сипатқа ие бола алуы-алмауы сияқты мәндер ашылмақ. Мiне осы тұрғыдан арнайы зерттеу жұмыстары жүргiзiлсе құба-құп болар едi де осыдан барып жекелеген сөздерге байланысты лексикалық микрожүйелердi анықтауға мүмкiндiк туар едi. Термин емес сөздердiң семантикалық сипаты да нақтылы айқындалар едi», - дейдi де бұдан әрi де бұл ойын өрбiтедi: «Ал бiздiң айтып отырған семантикалық сөзжасам – осы көрсетiлгендей процесс арқылы жасалған сөздерден жаңа сөз тудыру, яғни жаңа мағыналы лексикалық единицаның жасалуы, сондықтан да жаңа туынды жаңа қолданыста жұмсалады:
осы айдармен берiлген хабар, жаңа айдар пайда болды, пәлендей айдар ашылды, пәлендей айдар жолдаған хаттар, газеттiң жаңа айдарын құптауға болады, пәлендей айдарда жарияланған хаттар, мықтылар мiнбесi деген жаңа айдар ашып отырмыз т.б;
тамашаға келiңдер, тамаша мынадай мезгiлде басталады, өтедi; тамашаға шақырамыз, тамашада отыр, тамашаның жаңалықтары, тамашаны басқарады, тамашаны жүргiзедi, тамашада айтылды т.б;
ойын-сауық кешi болады, кеш орталық сарайда бүгiн түс ауа басталады, кештi басқарған, салтанатты кеш, ұстаздарға арналған кеш, кештiң төрағасы т.б.
Бұл сияқты тағы да толып жатқан басқа да қолданыстардан грамматикалық қатынасы жағынан бұндай жаңа туындылардың субъектiлiк-предикаттық, атрибуттық-анықтауыштық, меншiктiлiк-қатыстық, объектiлiк, мекендiк-мезгiлдiк, амалдық т.б. толып жатқан жаңа мәндiк қызметтерде жұмсалып отырғанын көремiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет