Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Сөзжасамның лексикалық және лексикалық-семантикалық тәсiлдері туралы



бет21/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

2. Сөзжасамның лексикалық және лексикалық-семантикалық тәсiлдері туралы
Сөзжасамдық тәсілдер туралы. Тілдің ішкі мүмкіндігіне тілде бар сөздер мен сөзжасамдық жұрнақтар, олар арқы-лы сөз жасаудың тілде қалыптасқан жолдары, заңдылықтары – тәсілдері жатады. Туынды сөздің жасалу жолдары ғылымда сөзжасамдық тәсілдер деп аталады. Оқырман, көрер-мен, тәлімгер, қатпаршақ, ақта, сынық сияқты туынды сөздер лексикалық мағыналы сөзге –ман, -мен, -гер, -шақ, -та, -ық жұрнақтары жалғану арқылы жасалған. Ал қызыл ала, қиян-кескі, отыз екі, алып кел, асықты жілік сияқты күрделі туынды сөздер екі сөз-дің тіркесу жолымен жасалып тұр. Буын, екпін, туысқан, кіріспе, талдау сынды термин сөздердің мағынасы олардың тілдегі байырғы мағынасынан мүлдем басқа.Бұл сөздердің терминдік мағынасы туынды сөздің мағынасы болып саналады. Сонымен туынды сөздердің жасалуы тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдер арқылы іске асады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып, әбден орныққан, қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі бар:

  1. синтетикалық тәсіл,

  2. аналитикалық тәсіл,

  3. лексикалық-семантикалық тәсіл.

Сонымен, әдебиеттерде жаңа сөз жасаудың әдетте үш түрлi тәсiлi көрсетiлiп жүр: синтетикалық немесе морфологиялық (қосымшалар арқылы), аналитикалық немесе синтаксистiк (екi түбiрдiң я сөздiң бiрiгуi, қосарлануы, тiркесуi арқылы), лексикалық немесе лексика-семантикалық (сөздiң сыртқы түрi өзгермей-ақ жаңа мағыналарға ие болуы). Сондай-ақ кейде осының үстiне синтетикалық-семантикалық немесе семантика-синтетикалық (кейде морфологиялық-семантикалық я лексикалық-морфологиялық немесе семантика-морфологиялық), аналитикалық-семантикалық немесе синтаксистiк-семантикалық я лексика-синтаксистiк, тiптi морфологиялық-синтаксистiк сияқты сөзжасам жолдарының аралық түрi де көрсетiледi. Және олардың көпшiлiгi жекелеген сөз таптарының ыңғайында берiлген. Бұл – бiр. Екiншiден, термин алалығы да кездеседi: мәселен, синтетикалық тәсiл бiрде қосымшалар қосылу тәсiлi, бiрде морфологиялық тәсiл, бiрде сөзжасамдық морфемалардың қосылу тәсiлi, бiрде морфологиялық-синтаксистiк тәсiл деп, аталып жүргенiн де ескерген жөн т.т.
Сөзжасамның лексикалық тәсiлі. Тiлдiң сөзжасам процесiнде лексикалық тәсiл де, конверсиялық тәсiл де бар. Айталық, лексикалық тәсiлге басқа тiлден енген сөздердiң тiкелей сол күйiнде алынуы жатады.
Бұл процестiң де басты қасиетi жаңа туындының (кiрме сөздер де жаңа туынды болып саналады, өйткенi, олар да сөзжасам қатарын арттырып, тiлдiң сөздiк құрамын жаңа сөздермен байытады) тiл айналымына түсуiмен байланысты болғандықтан және жоғарыда көрсетiлген сөзжасам тәсiлдерiнiң басқа түрлерi қатыспай, тек басқа тiлден сол күйiнде сөз алу (таза лексикалық процесс) болғандықтан, сөзжасамның лексикалық тәсiлi болып табылады.
Қазiргi қазақ тiлiнде басқа тiлдерден әр кезде, әр дәуiрде енiп, қазiргi кезде тiлiмiздiң лексикалық құрамынан берiк орын алған сөздер аз емес. Олар енгенде о бастағы тұлғасын сақтап немесе әр түрлi дәрежедегi өзгерiске түсiп, семантикалық жағынан да өзгерiске түскен сөздер.
Сөзжасамның лексикалық-семантикалық тәсілі. Лексикалық-семантикалық тәсілде сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрынғы қолданылып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағына қосып алады да, тілде жаңа мағынасында қолданыла бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет