Бақылау сұрақтары:
Сөзжасамдық тәсілдер туралы
Сөзжасамның лексикалық және лексикалық-семантикалық тәсiлдері туралы
Лекция 3.2
Тақырыбы: Синтетикалық, аналитикалық тәсілдер
Мақсаты: Студентке дәріс тақырыбы бойынша айтылған мәселенің басын ашып түсіндіру. Ондағы кездесіп, қолданылып отыратын фонетикалық, лексика-грамматикалық ұғымдарға (лингвистикалық терминдік атауларға) айырықша көңіл тоқталып, білімгерлердің оларды түсініп қабылдауына, сабақ барысында қолданып отыруларына көңіл бөлу.
Міндеттері:
а) Дәрісті студенттерге түсінікті әрі жатық тілде оқу;
ә) Дәрісті оқу барысында «түсінуі ауыр-ау» делінген қажетті ой түйіндерін пысықтап, түсіндіріп отыру;
б) Дәріс соңында студенттерден сабақты қаншалықты түсінгендіктерін сұрау, сұрақтары болған болса, жауап беру.
Жоспар:
Сөзжасамның синтетикалық (морфологиялық) тәсiлі
Сөзжасамның аналитикалық (синтаксистік) тәсiлі
Негізгі ұғымдар: фонетика, лексика, лексика-грамматика, фонема, морф, морфема, тұлға, форма, түбір, қосымша, жалғау, жұрнақ, лексика-грамматикалық жұрнақ, категория, функционалды-грамматикалық жұрнақ, грамматикалық тұлға, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, сөзжасам, синтаксис, сөз таптары, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөздер, модаль сөздер, т.б.
Пәнаралық байланыстар: философия, әлеуметтану, психология, физиология, тарих, педагогика, этнопедагогика, әдебиет, өнер, математика, кибернетика т.б.
Лекция мазмұны:
1. Сөзжасамның синтетикалық (морфологиялық) тәсiлі
Қосымшалы тілдерде синтетикалық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, синтетикалық тәсіл тілімізде туынды сөз жасауда басты қызмет атқарады.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасаудың тілде қалыптасқан өзіндік жолы бар. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін оған екі тілдік бірліктің қатысуы керек:
лексикалық мағыналы сөз,
сөзжасамдық жұрнақ.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауддағы екі тілдік бірліктің бірі - лексикалық мағыналы сөз болатын болса, ол - туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ақ, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |