Мақсаты: Сөйлеу дыбыстарын қарастырудың үш аспектісі жайлы жан-жақты түсінік беру. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерді сипаттау.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны: 1. Анатомия-физиологиялық аспект дегеніміз не?
2. Акустикалық аспектдегеніміз не?
3. Лингвистикалық аспект дегеніміз не?
Анатомия-физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға арналған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (мәселен, өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б) қосымша атқарады.
Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл т.б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды. Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығу кезінде ауа жолына орналасқан дыбыстау мүшелерінің белілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне, яғни қимыл-әрекетіне негізделген. Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.т. Бұлардың ішінде тілдің орны ерекше.
Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, келіп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде – көбірек, ұяңдарда – азырақ болады да, ал қатаңдарда, мүлдеи болмайды оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады. Салдыр фонациялық ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады.
Акустикалық аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді. Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына байланысты.
Лингвистикалық аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана өмір сүреді. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық, құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвитикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспектісі келіп шығады. Мұны фонология деп атайды. Алғашқы екеуін осы лингвистикалық аспектінін табиғатын дұрыс танып, білуге көмектесетін жолдар түрінде қараса да болады.
Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.
Дыбыстау мүшелері:
Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жағын түсіну үшін дыбыстау мүшелерімен олардың әрқайсысының қызметін жете білу керек. Дыбыстау мүшелерінің қатарына төмендегі мүшелерді жатқызуға болады: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін, езу, иек т.б. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сойлеу аппараты деп аталады.
Тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сыртқа шығуынан жасалады. Бірақ олар өкпедегі ауаның жай ғана шыға салуынан жасалмайды, ол үшін сойлеу аппаратының қатысуы шарт. Анығырақ айтқанда, тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сойлеу аппаратының қатысуы арқылы сыртқа шығуынан жасалады. Дыбыстау мүшелері ауа жүретін каналдың (дыхательный канал) бойына орналасқан. Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарынан (бронхи) тамаққа, одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді, одан әрі ауа не мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы өтеді.
Дыбыстарды айтуда, әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет етеді. Дауыс шымылдығы көмейде орналасқан болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады. Егер дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, онда діріл пайда болмайды, сол себептен үн де шыға алмайды. Дауысты дыбыстар осы аталған дауыс шымылдығының дірілінен пайда болады.
Көмейдің үстіңгі жағында жұтқыншақ қуысы болады. Ол ауыз қуысы және мұрын қуысымен жалғасып жатады. Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы резонаторлық қызмет атқарады. Кейбір үнді дауыссыздар (м, н, ң) мұрын қуысы арқылы жасалады. Дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында, әсіресе ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Ауыз қуысындағы мүшелердің ішінде ең басты қызмет атқаратын мүше тіл болып табылады. Тілдің бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы және орта шенінің немесе ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Мысалы, тілдің ұшы жоғарғы тіске тиюінен тіс (немесе денталь) дыбыстары (т, д,…) ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға тиюінен немесе жуықтауынан тіл арты дыбыстары (қ, ғ, к, г) жасалады.
Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі – ерін. Еріннің дауысты дыбыстардың (а, ә, у, ұ,…) жасалуында да дауссыз дыбыстардың (м, п, б) жасалуына да қатысы бар. Еріннің сүйірленіп дөңгеленуінен еріндің дауыстылар (о, у, ө, ұ, ү) жасалса, екі еріннің өзара жымдасуынан ерін дауыссыздары немесе билабиаль дыбыстар (м, б, п) жасалады. Астынғы еріннің үстінгі тіске тиюінен немесе оған жуықтауынан лабиальденталь дыбыстар (ф, в) пайда болады. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір қызметі болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке дара болмай, бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өз ара тығыз байланысты болады. Тіл дыбыстарын анықтауда, оның жасалуында дыбыстау мүшелерінің қызметі атап айтарлықтай екені, дыбыстау мүшелерінің қызметінсіз тіл дыбыстары құралмайтыны, жасалмайтыны дәлелді қажет етпейтін мәселе екені айдан анық. Себебі тіл дыбыстары сойлеу аппаратының қызметінсіз тіл дыбыстары жасалмайтыны белгілі. Ал тіл дыбыстары жасалмаса, сөз, сөйлеу мүлде болмайды.
Орфоэпия дұрыс сөйлеу, дұрыс айту деген мағынаны білдіреді. Сөздердің бірізді айтылуы қалыптасқан болса, қатынас құралы да солғұрлым жетіліп, кемелдене түсуі ақиқат. Сөздің бірізді айтылуы тілдік қатынасты жеңілдетеді. Қазіргі тіл білімінде алғашқы кезде жазу нормаларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді де, орфоэпия мәселесі елеусіз қалды. Қазақ орфоэпиясының негізі үндестік заңдарда жатыр. Үндестік заңдары дұрыс меңгерілсе, орфоэпияға кең жол ашылады. Орфоэпияға соңғы кезде ғана көңіл бөліне бастады.