Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары


Фольклор-қазақ халқының саяси ой- пікірінің қайнар көзі



бет14/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96
3. Фольклор-қазақ халқының саяси ой- пікірінің қайнар көзі. Фольклор – халық ауыз әдебиеті шығармашылығының айырықша саласы, ауызша шығарлып, ауызша таралған көркем - әдеби туындыларының жиынтық атауы. Сонымен бірге ғылым мен мәдениете « халық шығамашылығы », «халық поезиясы», « халықтың ауызша сөз өнері» дейтін атаулары да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған « Фольклор» (ағылшынша folk – халық lore – білім, даналық ) сөздерінен қалыптасқан термин ауыз әдебиетінің атуы ретінде халықаралық ғылыми ату ретінде орнықан. Фольклор өзінің көркемдік - идеялық нәрімен, эстетикалық қуат - тегеурінімен, түрі мен жанырларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық - әлеуметтік - саяси және тәрбиелік терен мән – мазмұнымен ерекшеленеді. Фольклордың шығарушысы да, таратушысы да, т тындаушысы да - халық . Сондықтан Фольклор, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Фольклордың осы өзгешелігі оның әлеуметтік - саяси бітімін де айқын сипатайды. Фольклор белгілі бір әлеуметтік топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ортақ өнері, әмбеге тиісті мұрасы. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой түйіндері, педагогикалық тәжірбиесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары. Фольклор - халық мұрасы, ұлттық өнер және ол сол халықтың әлеуметтік - саяси тағдырымен, өткен - кеткен тарихымен, шаруашылық биімділігімен тығыз байланысты. Фольклордың әр халықтың тарихындағы көтерген жүгі мен даму сипаты да бірдей дәрежеде болған емес себебі Фольклор барлық дәуірлерде, барлық аймақтарда, барлық халықтарда бірдей өркендеп, бірдей жүк арқаланбаған Фольклордың пайда болған, дамыған, шарықтап шалқыған, басендеген, бір жанырдың ұмытылып, екіншісінің дүниеге келген кездері бар. Жалпы саяси ілімнің бастауы ретінде Фольклордың алатын орыны ерекше. Себебі Фольклор кез – келген халықтың әлеуметтік - саяси өмірі туралы мәлімет беретін қайнар көзі болып есептелед.


4. Тәуке хан заңдары. «Жеті жарғы» - маңызды саяси –құқықтық құжат. Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған із қалдырған хандар да бар. Оларға Қасым, Есім хандар жатады. « Қасым ханның қасқа жолы », « Есім ханның ескі жолы » деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Бірақ өкінішке орай, олар бізге дейін жетпеді. Ал Тәуке ханның « Жеті жарғысы » негізінен сақталған.
Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси және эканомикалық жағдайы ауыр еді. Рубасылар, сұлтандар өзінше бөлек билегісі келді. Орта Азия билеушілерімен қарым – қатынас тұрақсыз еді. Мұның бәрі қазақ мемлекеттігінің тұтастығына, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға нұқсан келтірді. Сондықтан хандық өкімге билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшалануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан « Жеті жарғы » деп аталған қазақ әдет - ғұрып заңдарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принцптері айқындауды. Атап айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал – мүлік дауы, ұрлық – қарлық, айып – жаза, алым – салдық және т.б. қаралады. « Жеті жарғы » нормалары қаулаған дау – дамайларды тежеп, рулар арасындағы тартыстарды бәсендетті, қоғам ішіндегі ала ауыздық азайып, ел бейбіт өмір сүрді.
Тәуке хан « Халық кеңесі » мен « Билер кенесінен » тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Өз кеңесінде халықтың өзекжарды мәселелерін: көшқон, ел тыныштығы мен бірлігі, сыртқы жаудан қорғану және т.с.с. жүйелі түрде талқылап отырды.
Сайып келгенде, Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет