Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары


Жүсіп Баласағұн, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары



бет13/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96
2. Жүсіп Баласағұн, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни ( 1021 – 1075 ) – аты әлемге әйгілі ақын, фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз. Жүсіп туралы мағұлматтарды біз оның негізгі еңбегі « Құтадғу білік » (« Бақытқа жеткізуші білік », кейбіреулер « Бақыттылық жәйлі ілім » деп те аударып жүр ) дастанынан білеміз. Бұл еңбектің ерекшелігі – ол сол кездегі ресми араб тілінде емес, өзінің ана тілі – түрік тілінде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екіншіден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне ( династиясына ) түсінікті болу үшін жазылса керек.
Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан « Құтадғу білікте » мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол – тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән – мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез – құлқы, салт – санасы, әдет – ғұрпы және т.с.с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.
Қазақ халқының ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Йассауи ( 1093 – 1157 ) жатады. Оның басты шығармасы « Диуани Хикмет » (« Даналық кітабы » ). Ол еңбегінде әділеті, имандылықты, шындылықты, мейірімділікті жырлайды.
« Ғаріп пақыр, жетімдердің көнілін көтер,
Қамқоршы бол, жаныңды да пида етер », - деп қара халықтың қамқоршысы болуға, адамгершілікке шақырады.
« Көңіл бөлмей дүниеге адамдықтан кешіңдер,
Халықты сүйген адал құлдар халайықпен бір болар », - деп адал басшы халқымен бір болып, соның тілегін тілеу керектігін баса айтады.


« Ей, мұсылман, тағат қылсаң, танбағын,
Ғазиз жаның – аманаты Алланың,
Харамдықпен, ұқ, жиған мол – жалғанын,
Қарыш атты жылан қылар малыңды »,

Деп дүниеқорлық, байлық соңына түспеуді, арамдылықпен мал жимауды уағыздайды, парақор әкімдердің о дүниеде татар жазасын естеріне салады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет