Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны, әдеби білім кезеңдері



Pdf көрінісі
бет21/33
Дата22.12.2023
өлшемі485,89 Kb.
#142707
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
 
 
А) Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі: 
Әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік 
ерекшелігі бар. Ол ереешелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей 
байланысты болып келеді. «Пьеса-дарама, комедия-әдебиеттің ең қиын формасы»,-дейді 
М.Горький. Орыс жазушысы Гоголь: «Пьеса тек сахнада ғана өмір сүреді» деуі осыған 
дәлел. Авторлық ой, мақсат, көзқарас бұл шығармаларда көмескі жатады. Ол әр кейіпкер 
сөзі, іс-әрекетінде өмір сүреді де, оқырман көрерменнен ерекше ықылас қойып, мұқият 
тыңдауы, көруді, ойлауды талап етеді. Драмалық шығармаларда оқиғалар оқырман көз 
алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, 
шиеліністі тартыс, өмірдегі қарама-қарсылықтар-драманың өзегі, негізгі арнасы. Әсіресе, 
драмалық кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігі бұл жанрдың өзіндік табиғатын дәл даралап 
береді. Орыс сыншысы Белинский драма кейіпкерін: «Өзіне ғана тән ерекшелік сипаты бар 


жеке адам» десе, ұлы Дидронның: «Драма адам өміріндегі ең маңызды, өнегелі дейтін, 
жұртқа қызықты жағдай ғана бейнеленуі керек», - деуі осыдан туса керек. Драмада тағы бір 
ерекшелік, қаһармандар іс-әрекеті әр жаққа шашырамай, бәрі бір жүйе, бір желі, бір арнада 
өрбіп, дамиды. 
ә/ Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері: 
1/ Талдауды бастамас бұрын, балаларға өтілгелі отырған драмалық шығармаларды 
алдын-ала оқыту керек. Оқушыларға оқу барысында ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беру 
міндетті түрде жүзеге асырылады. Әсіресе ең негізгі, басты тартыстар, шиеленістерді 
көрсететін акт, суреттерге ерекше көңіл бөлінуге тиіс. 
2/ Талдау алдында оқушыларға әдеби - теориялық ұғым берудің маңызы зор. Жалпы, 
әдеби-теориялық ұғым тәжірибеде туынды оқылып болған соң, беріледі. Бұл дұрыс емес. 
Ұғым екі кезеңнен тұруы керек. Бірінші кезең көркем туындыны бастау алдында беріледі 
де, екінші кезең көркем туынды талданып біткен соң беріледі. 
3/ Талдауды драмалық шығармаларды күйтабақтан талдау, немесе, содан көрініс 
көрсетуден бастаудың маңызы зор. Сондай-ақ оқушылар қызығушылығын арттыру 
мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған артистер туралы әңгімелеу, туынды 
туралы әдебиетшілер, сыншылар пікірі жазылған көрнекіліктерді пайдалану тиімді болмақ. 
4/ Талдауды мәтінге сүйену, үнемі соған арқа сүйеу, әсіресе, драмалық шығармаларды 
оқытудың алтын арқауы болып табылады. Мұғалім ең негізгі көрініс, актілерді, монолог, 
диалогтерді бөліп ала отырып, сол бойынша жұмыс істеуі керек. 
5/ Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар 
аударылады.Мәтінді осылай оқи отырып, сұрақ-жауап, проблемалық жағдаят тудыру, оны 
шешу, т.б әдіс-тәсілдер арқылы талдау ары қарай жүргізіледі. 
6/ Талдау барысында жиі-жиі оқушыларды қозғау салып, олардың қиялы, ойына ерік 
беріп отыру да драмалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарының бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет