Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет44/62
Дата23.11.2022
өлшемі182,76 Kb.
#52011
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62
Жоспар:
1.Технология – шеберлік туралы ғылым екендігі.
2.Дамыта оқыту.
3.Деңгейлік оқыту технологиясы


Лекция мақсаты: Технология туралы түсінік беру,түрлеріне тоқталу.


Лекция мәтіні (қысқаша):
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С.Выготскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірініші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.
В. П. Безполько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірініш деңгей - «мінд «міндетті, оқушылық», екінші – алгоритмдік, үшінші - эврестикалық, төртінші – шығармашылық.
Ендеше оқушылардың білім,білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәріптелері.
Әңгімелесуші – оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтамамен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу мысалдарымен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенмен,оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі (басқаруға ынғайсыз) сыналып жүр. Сондағы айтатындары: оқушы өз кезінде өз білгенін істейді, оның іс әрекеті көбінесе қате болады» дейді Біздіңше, оқытудың жаңа технология жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық әс әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса,оқушыларды ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінеде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесіп отырып, жұмбақ,сөзжұмбақ,ребус, математикалық басқатырғыштыра сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде «үлгере алмай кейндеп қалып,өз ұүрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын өқушылармен қалай жұмыс әстейу қажет?» Бұл мәселеніңде оңды шешуң қарастырылған. Олар мыналар:

  • Барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгрмеушілерге көметеседі;

  • Сыныптың басқа оқушылары өздігнен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің үлгерімі тқмен оқушларға дербес көмектесуіне уақыты болады.

  • Бұл қалайша жүзеге асырылады? Енді аз кем тоқталып өтейік.

Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат сынып оқушыларының қабілет және қабілетсіз деп жасанда әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы 
Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат сынып оқушыларының қабілет және қабілетсіз деп жасанда әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлі жіне дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыларға ізгілендіру ұстанымдары дасақталады. Сондай ақ деңгейлікоқыту барысында оқушыны бірінші деігейдегі тапсырманы дұрыс орындағаны есепке (зачет) алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, «оқушылқ міндетті, яғни бірінші деңгейдің жұмысын оындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай бірінші дейгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар кем дегенде «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын тәжірибеден байқап жүрміз. Өйткені алғашқы деңгейлік тапсырмаларын толық және дұрыс меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады. Өзіне өзінің сенімі артады.
Оқытудың топтық әдісінің алатын орны ерекше. Сыныптағы оқушыларды белсенділігіне қарай дамыта оқытқанда білім, таным деңгейіне, қабілетіне және ынтасына қарай топқа бөліп және олардың бір топтан екінші топқа орын ауыстыруына, үздіксіз алға ұмтылуына ықпал етіп отырамын.
1- топ. Дарынды оқушылар тобы. Бұл топтағы оқушылар әр деңгейлік оқытуда іс – әрекеттерді өз бетімен орындай алатындай дәрежеге және тез ойлай білуге жетілдірілген. Оқушылар теориялық материалдарға жалпылама талдау жасай отырып, өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізеді.
2- топ. Үздік оқушылар тобы. Оқушылардың толық бағдарлама бойынша білімі бар, барлық анықтаманы біледі. Дарындыларға ұқсас, тек айырмашылығы өз бетінше жаңа тұжырым жасай алмайды.
3- топ. Жақсы оқитын оқушылар тобы. Оқушылардың бағдарламалық материал бойынша білімдері бар, бірақ үнемі дәлелдеп, қорытындылап, өз мысалдарын келтіре бермейді. Курс бойынша шығаратын есептердің негізгі тәсілдерін біледі, алайда жаңа жағдаятта өз бетінше шығармашылық пен ізденуді қажет ететін есептерді мұғалімнің көмегінсіз алып кете алмайды, есепті үнемі тиімді әдістермен шығара бермейді.
4- топ. Орташа оқитын оқушылар тобы. Оқушылардың үлгі бойынша және ұқсас жағдаятта қолдану үшін жеткілікті минимум білімі, дағдысы бар. Кең түсіндіруді, дәлелдуді қажет етпейтін сұрақтарға жауап береді. Бұл оқушыларға материалдың негізгі бөлігі оқытудың міндетті деңгейіндегі меңгеруге тиісті тапсырмалар беріледі және оқушыларға білім стандарты негізінде білім беру көзделген.
Бұл топтау әдісінің екінші түрін оқытуда жаңа педагогикалық технологияны пайдаланған кезде оқушылардың қабілеттеріне қарай топтап, дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде қолданған ыңғайлы.
Ойын элементтерін енгізу мақсатында әр командаларға ат қойып топтың жетекшісін сайлауға болады.
Білім, таным деңгейіне сәйкес топтап жүргізу тәсілінде оқушылар командалық жарысқа бейімделеді және әр команда өзімен қатарлас командадан қалып қоймау үшін үнемі дайындық үстінде жүреді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы оқушылардың қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату, ой толғауды дамытады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының анықтамасы бойынша «сөз ойлау не дамыту» деген мағынаны білдіреді. Оқушылардың практикалық әрекетте белсенді әрекетте болады.Сын тұрғысынан ойлау стратеияларына жататындар: бағытталған оқу, хаттамаларының түрлері, кластер тұрғызу, кубиктер, мәтінді талдай отырып оқу, миға шабуыл, топтастыру, бес минуттық эссе, Венн диаграммасы, ой толғанысы, ой қозғалысы т.б. әдістер жатады. Оқытудың белсенді әдістері эвристикалық әңгіме, дөңгелек столы, пікірталас әдісі, сайыстар т.б.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету жеңіл емес. Дегенмен, СТО – ны дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері бар. Келесі оқыту СТО – ны дамытуға әсер етеді. СТО тәжірибеде мүмкіндікпен уақыттың қажеттілігі, оқушының ойлауына рұқсат ету. Оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау пікірлерін дұрыс қалыптастыруға көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушылардың біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, нақтылы шешуге үйрету.
Топтастыру – оқыту стратегиясы оқушылады еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстырып бірнеше құрлымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынадай: кілтті сөздерді ортаға жазу. Ол тақырып болуы да мүмкін, керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастырамыз. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.
Бес жолдық өлең стратегиясы – ақпаратты жинақтау қабілеттігі, аз ғана сөзбен күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру. Бес жолдық өлең тақырыпты ашу керек, сондықтан ол ақпараттың талданған және материалдың аз сөзбен көп ойды білдіретінін талап етеді. Бұл стратегия мынадай жолдардан тұрады: Бірінші жол тақырыпты білдіретін бір сөз, екінші жол екі сөз, тақырып мазмұнына байланысты, үшінші жол үш сөз тақарып бойынша іс – әрекет, төртінші жол тақырыптағы сөзден тұрады, бесінші жол тақырыптың болмысын білдіретін синоним сөз.Кубизм стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. Кубизм стратегиясында ойлау, жазу, оқу әрекеті қатар жүреді. Шаршының 15-20 метр, әр бетінің аты және тапсырмаары болады. Кубиктің алты бетіне жазбаша не ауызша жауап беріледі. Әр оқушы кубикті лақтыру сұрақтарды оқып, жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет