Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме


Бала біліміне бақылау, білім деңгейін тексеру. 2



бет51/62
Дата23.11.2022
өлшемі182,76 Kb.
#52011
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62
Байланысты:
elektronn i konspekt lektsii

1.Бала біліміне бақылау, білім деңгейін тексеру.
2.Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.
3.Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
4.Оқушылардың қабілеті, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады (яғни, ойдан шығару, ойлап шығару). Көркем туындыны «көркем шығарма» дейміз. «М.Әуезовтың шығармаларын оқимыз», - деп жатады. Бұдан шығатын қорытынды:шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектептегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстардың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделілігі сол, бұл-оқу процесіндегі бірден-бір жеке - дара орындалатын жұмыстардың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да , әр оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы сол көркем туынды, не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне байланысты.
Шығарма жаздыру-балаға білім беру ісінің ең күрделі , маңызды жұмыстарының бірі. Шығарманы үйде де, сыныпта да жаздырады. Бағдарламада қанша шығарма жаздыру керек, сағаты беріледі. Тақырыптың ауыр-жеңілі, оқушылардың жас ереекшелігі, сыныбы, дайындығына байланысты шығарма жазудың уақыты белгіленеді. Мысалы, сыныпта 2-3 сағат, үйде бір апта, 10 күнге дейінгі мерзімде.
Мұғалім қосымша сабақ өтеді, жекелеген оқушылармен жұмыс жүргізеді, қосымша материалдар іріктеуге, эпиграф алуға көмектеседі. Оқушы шығарманы үйде жазып жатса, оның алғашқы сұлбасын оқып, ақыл-кеңес береді. Басында үлгісі берілген нұсқау-көмекті естеріне түсіріп, шығармаға қояр талапты қайталайды. Егер тақырып қиын болса, сыныпта немесе қосымша сабақта жоспар құруға көмек жасайды. Кейде оқушылардың пікірі, ойына ерік беру керек. Қай тақырыпта шығарма жазады, қай тақырып маңызды, - өздері шешсін. Шығарма жазу үшін, ең басты мәселе – оқушының сол тақырыпты білуге ғана емес, сонымен бірге білгенін көркем, тиянақты тілмен жеткізу қабілеті, тіл байлығы, сауаттылығы, әдеби талдауы, негізгі мәселелерді дөп тауып, соны тұжырымды бере білуі, дүниетанымы да үлкен рөл атқарады . Қосымша материалдарды пайдалана білу өте алғырлық, зеректілікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім баларды шығармаға баулуда көп еңбектенуі, тер төгуі қажет.
Шығарма жазуда жоспардың жай,күделі түрі пайдаланылады. Бірақ, бір ескеретін мәселе, егер оқушы шығармасы мазмұны, тілі, стилі, сауаттылығы жағынан талапқа сай жазылса, жоспар бар ма, жоқ па (эпиграфта солай) – оны негізге алмау керек. Әсіресе, жоғары сыныптарда жоспар өздеріне жай бағыт, бағдар, ой жүйесі үшін ғана қажет, жоспарды да шығармашылық бағытта құруға болады. Ол шығармаға өң беріп, әрлендіріп, әрі қызықтырып тұрады. Егер шығарма осындай жоспарды негізге алып жазылса, оның сәтті шыққандығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет