Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет28/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Мақсаты: Студенттерге қылқан жапырақтылардың морфологиялық құрылысы, көбею ерекшеліктері мен шаруашылықтағы маңызы, классификациясы туралы мәлімет беру.
Жоспары:

  1. Қылқан жапырақтылардың құрылысы.

  2. Көбеюі мен шаруашылықтағы маңызы

  3. Классификациясы

4. Қарағайлар қатарының құрылысы мен таралуы
Лекция мәтіні: Қазіргі кездегі флорада бұл класс ашық тұқымдылардың ішіндегі түрдерінің саны жағынан ең көбі (600 дей түрі бар). Негізінен солтүстік ендікте кең таралған, бұл жерлерде бір немесе бірнеше түрлерден тұратын туыстары: қарағай, шырша, май қарағай, бал қарағай үлкен қылқан жапырақты орман түзеді. Оңтүстік ендікте қылқан жапырақтылар қоңыржай климатты облыстарда орман түзеді. Тропикалық облыстарда олар тек таулы жерлерде өседі.
Құрылысы. Қылқан жапырақтылар негізінен ағаштар, сиректеу бұталар. Ағаштары кейде ересен үлкен болады және 4 мыңнан астам жыл өмір сүреді. Көп жжағдайда екі түрлі сабағы болады: ұзарған және қысқарған. Жапырақтары көп жағдайда жіңішке, ине тәрізді, бірақ ертеректе пайда болған туыстарында ланцетті және жалпақ ланцетті болып келеді. Кейбір қылқан жапырақтылардың жапырақтары қабыршақты болып келеді (кипарис, арша). Жапырақтары көп жағдайжа отырмалы, кейде олардың үстіңгі ұшы ойық (май қарағай), көлденең кеесіндісі жалпақ, төртқырлы, жұмыр, ұзындығы 1 – 2 см. – ден 30 – 40см – ге дейін барады. Қылқанда бір ғана жүйке болады, ал жалпақ жапырақтарында көптеген параллель жүйелері болады. Қылқан жапырақтылардың бал қарағай, жалған бал қарағай және метасеквойя туыстарынан басқаларының бәрі мәңгі жасыл өсімдіктер.
Көбеюі. Бір үйлі, сиреутеу екі үйлі өсімдіктер. Бүршіктері дара жынысты. Аталық бүршіктері көп жағдайда топтасып, жапырақтардың қолтығында сиректеу бүйірлік өркендердің ұштарында орналасады. Микроспорафилдері редукциға көп ұшыраған, қабыршақ тәрізді немесе қалқан тәрізді. Аналық бүршігінің құрылысы алуан түрлі болады. Микроспорафилдерінде бірден бірнешеге дейін тұқымбүрлері орналасады. Интегументі көп жағдайда үш қабаттан тұрады: ортаңғысы қатты, ал сыртқы және ішкісі жұмсақ. Архегониясы екеу, бірақ көпте бола береді. Гаметофиттерінің пайда болуы, тозаңдануы, ұрықтануы және тұқымның пайда болуы жоғарыда сипаттап жазған қарағаймен бірдей болады.
Шаруашылықтағы маңызы. Шыршалардың, қарағай-лардың, бал қарағайлардың, май қарағайлардың, аршалардың табиғатта және адам өмірінде маңызы ересен зор. Басқа жасыл өсімдіктермен бірге олар органикалық заттар түзеді, ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Орманның ағашы кесілген және өрт шалған жерлерінің қайтадан табиғи жолмен қалпына келуі, осы жерлерде жарық сүйгіш, топырақ таңдамайтын қарағайдың, көктеректің, қайынның пайда болуынан басталады. Сусымалы құмдарға өсіп қарағайлар олардың жылжуын тоқтады. Қарағайлар өз бойынан ерекше буланып ұшатын заттар бөліп шығарады. Олар орманда ғана емес, сонымен бірге орманға жақын жерлердегі көптеген зиянды бактериялардың дамуын тежейді. Қылқан жапырақты ормандар, жалпақ жапырақты ормандар секілді, қардың еруін кешеуілдетеді, сөйтіп осы жердің ылғаллын арттырады.
Қылқан жапырақтылар поляр шеңберіне жақын жерлердегі үлкен кеңістіктерде және тауларда орман түзеді. Оны тайга деп атайды. Тайга көптеген өнеркәсіпке керекті аңдардың, құстардың және пайдалы насикомдардың мекендейтін жері. Қылқан жапырақты ағаштар құрылысқа және әртүрлі ағаштар бұйымдарын жасауға керек материалдарды береді. Қарағайдың сүрегін химиялық жолмен өңдеу арқылы, одан жібек жіптерше ұқсас жасанды талшық алады. Ашық тұқымдылардың діңі, өндірістің көптеген саласына қажетті құнды шикізат. Олардан бальзамдар, смолалар, комфора, спирт, циллюлоза, жібек және басқа да көптеген заттар алынады. Сонымен бірге қылқан жапырақтылар медициналық препараттар алуға да қажетті шикізат болып есептелінеді.
Сібір қарағайын, Сібірде кедр деп атайды. Нағыз кедірлер Солтүстік Африканың таулы жерлерінде, Жер орта теңізі облысының шығысында және Гемалай тауында өседі. Бұрыңғы Одақтас республикалардың территориясында, оларды Кавказдвң Қара теңіз жағалауында және Қырымда қолдан өсіреді. Сібір қарағайының дәнінен (жаңғағынан) тамаққа пайдаланатын жақсы «кедір» майын алады. Сонымен бірге қылқан жапыраақтылардың көпшілігі көшеге көрік беретін сәндік өсімдіктер, сондықтанда олардың бірқатарын қазіргі кезде мәдени жағдайға ендірген. Оларды ботаникалық бақтарда дендропарктерде, демалыс парктерінде, скверлерде және көшенің бойларында сәндік өсімдіктер ретінде отырғызады.
Классификациясы. Қылқан жапырақтылар класы жеті қатардан тұрады. Олар мыналар:

  1. Вольцилар қатары - Voltziales

  2. Подозамиттер қатары - Podozamitales

  3. Араукариялар қатары - Araucariales

  4. Қарағайлар қатары - Pinales

  5. Кипаристер катары - Cupressales

  6. Подокарпустар қатары - Podocarpales

  7. Тиссалар қатары - Taxales

Олардың ішінде бұрыңғы одақтас республикалардың территориясында үшеуінің (қарағайлар, кипаристер және тиссалар қатарлары), ал Қазақстан тек екеуінің ғана өкілдері (қарағайлар және кипаристер қатарлары) кездеседі. Сондықтанда біздер осы Қазақстанда кездесетін қатарлармен шектелуді жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет